- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Көктемгі егіс алдында топырақтағы ылғал қорының болжамын Қазгидромет түзетті
Сәуірдің екінші онкүндігінің болжамын сәйкес, көктемгі егіс жұмыстарының қарсаңында Батыс Қазақстан облысында егістіктердің ылғалмен қамтамасыздығы Бәйтерек ауданының аймағында жеткіліксізден қанағаттанарлыққа дейін, Теректі ауданында жеткіліксізден оңтайлыға дейін, облыстың қалған астық себілетін аймағында қанағаттанарлық болады деп күтілуде.
Қазақстанның қалған облыстары үшін өткен айда шыққан топырақтың ылғал қоры болжамы өзекті:
- оңтайлы ылғалдану - Жетісу облысында
- оңтайлыдан қанағаттанарлық дейін - Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында;
- қанағаттанарлық - Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында;
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ үнемі ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланады.
- 26.04.2023
- 129