• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
ҚХА қоғамдық құрылымдарының белсенділерімен жұмыс форматындағы кездесу

2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының алғашқы күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева ҚХА қоғамдық құрылымдарының белсенділерімен жұмыс форматында кездесу өткізді. Іс-шараға республикалық этномәдени бірлестіктердің, Аналар кеңесінің, «Ассамблея жастары» қауымдастығының, Медиация кеңесінің жетекшілері т.б 60-тан астам адам қатысты.

Кездесу барысында Аида Балаева Ассамблеяның миссиясына тоқталды. Ол «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту- мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі өзегі. Бұл саладағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өз міндетін ойдағыдай атқарып, еліміздің тұрақты дамуына негізделген, үнемі ел басшылығының назарындағы, ұзақ мерзімді стратегиямыздағы үздіксіз үдерісі болуда», - деді.

Ол, сондай-ақ, «Ассамблея – азаматтық қоғам мен мемлекеттің қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін үйлестіретін негізгі институт. Бұл бағытта азаматтық қоғам институттарының әлеуетін пайдалану - саяси мәдениет пен саяси сауаттылық деңгейін көтеруде маңызды», - деп Ассамблеяның қызметін тағы бір атап өтті.

ҚХА Республикалық аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи Қазақстан аналарының халқымызды тәжірибелік және нақты істер негізінде біріктірудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. «Ұлтына қарамастан, әрбір қазақстандық ананың маңызды міндеті – ел азаматын тәрбиелеу», - деді ол. Сондай-ақ, отбасы институтын нығайту мақсатында Отбасы істері агенттігін құруды, екіншіден, «Азамат тәрбиелеген отбасы» сыйлығын енгізуді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер қауымдастығы» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт «Біздің елімізде 100 астам этностар мен 18 конфессиялар өмір сүреді. Әрбір этнос – біртұтас Қазақстан халқының құрамдас бөлігі. Даму мен топтастырудың осындай берік іргетасын қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы болды», – деп атап өтті.

Одан әрі бағдарлама сессияға қатысушылардың дағдылары мен құзыреттерін арттыруға бағытталған интенсив курстарға ұласты. Бірінші интенсив мемлекет құру және ұлттық бірегейлік мәселелеріне арналды. Аталған шара Этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтың модераторлығымен және спикерлер, саясаттанушы Эдуард Полетаев пен қоғам қайраткері Қанат Нұровтың қатысуымен өтті.

Екінші интенсив жұмысы этносаясаттың өңірлік аспектілеріне арналды. Ол АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинның модераторлығымен және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен медиатор, тренер-спикер Гүлмайдан Урозбаеваның қатысуымен өтті.

Сессия аясында делегаттар өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, талқылау аясында барлық өңірлерден келген сессияға қатысушылар жұмыс тәжірибесімен және қоғамдық келісімді нығайту бойынша жобаларымен бөлісті.

Сондай-ақ, ҚХА мүшелері мен сарапшылар интернетте пайда болған этникалық және тілдік арандатуларға қарсы қатаң шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері еліміздің тұтастығын, бостандығын, тәуелсіздігін қорғауға дайын болуды парыз санайды. Бұл - барша қазақстандықтардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелерінің міндеті. Сондай-ақ, олар Қазақстан басынан өткерген сынақтар Қазақстан халқын жігерлендірілгенін баса айтты. Ал еліміздің барлық негізгі салаларындағы түбегейлі реформалар - Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал етті.

Секцияға қатысушылар мемлекеттік тілдің рөлін нығайта отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, Мемлекет басшысы әрбір сөзінде айтатын «бірлік әралуандықта» және «біз - әртүрліміз, бірақ, біз - теңбіз» қағидаттары - еліміздің негізгі құндылықтары екеніне сенімді.

 

  • 27.04.2023
  • 180
Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика