- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
2023 жылы 10 наурызда Азаматтық қоғам істері комитетінің төраға орынбасары Г.Б. Сұлтанова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған «COVID – 19 пандемиясы - Психикалық денсаулық саласындағы цифрлық технологиялардың дамуын шапшаңдатқышы. Артықшылықтар және кемшіліктер» тақырыптағы Дөңгелек үстеліне қатысты. Шара ЮНИСЕФ балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен және ДДҰ Қазақстандағы өкілі Скендер Сила қатысуымен өтті
2020 жылы пандемия Қазақстан халқының психикалық денсаулығына үлкен әсерін тигізді. Осылайша, ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Қазақстанда бүгінгі таңда психикалық денсаулық саласында 40-тан астам цифрлық платформа қызмет жасауда, оларға 1 миллионнан астам қазақстандықтар тіркелген.
Сонымен қатар, бұл платформалардың мазмұнын стандарттау, нормативтік реттеу және бақылау мәселесі бар.
Сондай-ақ, ЮНИСЕФ Қазақстанда жастарды психикалық тұрғыда қолдау мақсатында «usupport» платформасын әзірлеуде. Оны 2023 жылдың мамырында іске қосы жоспарлануда және болашақта бұл платформаны әлемдік деңгейде қолдану жоспарланған.
- 28.04.2023
- 137