- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі А. Бейсенбекұлы, Жамбыл облысы әкімінің Бірінші орынбасары Н.С. Календеров, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Басты назарда облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, инвестициялар, ұлттық және өңірлік жобалар, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым мәселелері болды.
Кездесу барысында Е. Жамаубаев қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру барысы туралы айтып берді.
А. Бейсенбекұлы халыққа есепті кезеңдегі бюджеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен параметрлері туралы хабарлады.
Сондай-ақ, Қаржы вице-министрі өңірлерді, оның ішінде Жамбыл облысын қаржылық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы азаматтарға Н.С. Календеров айтып берді.
Жыл басынан бері облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып келеді.
Өнеркәсіптік өнім көлемінің индексі 104,4%, ауыл шаруашылығы 102,0%, инвестиция 103,1%, құрылыс 131,4%, тұрғын үй 103,5%, сауда 101,7%, байланыс 113,6%, көлік 91,4% құрайды.
Жергілікті бюджеттің меншікті кірісі 31,4 млрд. теңгеге орындалып, 56,1%-ке артты, бюджеттің игерілуі 99,6%.
Кешенді жоспарлар шеңберінде өңір бойыншажаңа жұмыс орындарын құру серпінібайқалады. Ағымдағы жылы 85,4 млрд. теңге сомасына 21 жекеинвестициялық жобаны іске асыру күтілуде, бұл 500-ге жуық жұмыс орнын қамтамасызетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 2019 жылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында басталған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының бірінші кезеңінде өңірдің 11 ауылдық округінің 25 елді мекенінде 7856 отбасы қамтылды. 2023 жылы«Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен
9,5 млрд.теңгеге 183 жобаны іске асыружоспарлануда.
Тұрғын үй құрылысы мәселелері ерекше басымдық болып табылады, жыл басынан бері 122,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы 698,7 мың шаршы метр беру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Әулие ата жастары» жобасы аясында жастарға 140 пәтер беру қарастырылуда.
2023 жылы халықты сумен қамтамасыз ету мақсатында 12,9 млрд. теңге сомасына 43 жобаны іске асыру арқылы 25 ауылдық елді мекеннің 30,1 мың тұрғыны қосымша ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Ағымдағы жылы газдандыру мәселесі бойынша 11,1 млрд. теңгеге 16 жоба шеңберінде 22 елді мекенде қосымша 26,5 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
Биыл автожол саласын дамытуға 22,8 млрд. теңге бөлінді. 736,4 шақырым жолды орташажөндеу, 9 шақырым жолды қайта жаңартужоспарлануда.
Осы шаралардың барлығы саяситұрақтылықты, бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін едәуір нығайтып, барлық қазақстандықтар үшін кеңэкономикалық мүмкіндіктер туғызады, - депатап өтті Е.Жамаубаев.
Кездесу барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойып, қаржы және салық салу саласындағы өзекті тақырыптарды талқылады.
Халықпен кездесуден кейін Е. Жамаубаев БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді және азаматтарды жеке қабылдады.
Іс-шара шеңберінде Министр қаланың бірқатарәлеуметтік-өндірістік объектілерінде болдыжәне олардың қызметкерлерімен де олардытолғандыратын мәселелерді талқылады.
- 29.04.2023
- 155