• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ мен ҒЖБМ еліміздің жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік жөнінде меморандумға қол қойды

ІІМ мен ҒЖБМ еліміздің жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік жөнінде меморандумға қол қойды

Ішкі істер мен ғылым және жоғары білім министрліктері арасында еліміздің жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға екі ведомство басшылығы мен олардың негізгі қызметтерінен басқа ZOOM режимінде жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өңірлік полиция департаменттерінің бастықтары қосылды.

Бүгінде еліміздегі студенттер саны 600 мыңнан асады. Сондықтан сапалы білім беру және барлық сала бойынша білікті мамандарды даярлау үшін қауіпсіз жағдайлар жасау ең өзекті және басты мәселелердің бірі болып табылады.

Кездесуде бұл мәселе тек полиция қызметімен ғана шектелмей, оған қоғамның, оқу орындарының басшылары мен уәкілетті органдардың өкілдері де қатысуы тиіс екендігі атап өтілді. Бұл жасалған меморандум жоғары оқу орындарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жоғары білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру және студенттер арасында құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігінің кепілі болады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, жастардың қауіпсіздігі мәселесі ІІМ әзірлеп жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасына енгізілген.

Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Бұл негізінен әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, мәдени, демографиялық және басқа да факторлар. Сондықтан тұжырымдаманың ерекшелігі – құқықтық тәртіптің жағдайына әсер ететін өмірдің барлық салаларын кешенді қамту. Ол өз сөзінде өткен жылы оқу орындарының студенттері 696 қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын, оның ішінде ЖОО студенттері 143 қылмыс жасағанын атап өтті. Жауапкершілікке тарту кей жағдайда олардың болашақ тағдырына теріс әсер етеді. Бұл туралы барлық студенттер білуі керек.

Ведомство басшысы жастардың құқыққа қайшы мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды мүмкіндігінше болдырмау қажеттігін атап өтті. Сондықтан Тұжырымдама шеңберінде барлық субъектілердің ортақ жауапкершілігін белгілей отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру көзделіп отыр. Бұл жұмыста дәлелді профилактика деп аталатын ғылыми компонентті дамыту жоспарланып отыр. Қылмыстың алдын алу және болжау эмпирикалық зерттеулердің деректеріне негізделуі керек.

– Осыған байланысты ІІМ ведомстволық ғылымның елдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуына мүдделі, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрі.

Соңында Марат Ахметжанов студенттерге полицияға құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектескені үшін алғыс айтып, жоғары оқу орындарының ректорларына құқық тәртібін қорғауға қатысатын студенттерді қолдауды сұрады.

  • 02.05.2023
  • 198
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика