- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
АҚДМ Қоғамдық кеңесінің отырысында «Масс-медиа туралы» заң жобасын жария талқылау өтті
А.ж. 28 наурыз күні Д. Қ. Мыңбайдың төрағалығымен Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау болды. Аталған заң жобасы журналистік қоғамдастық арасында талқыланды. Заң жобасына журналистердің мәртебесіне, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды реформалауға және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 50-ден астам түзетулер енгізілді.
Жалпы, заң жобасын Кеңес мүшелері қолдады, бірақ сонымен бірге жекелеген түзетулерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған Жұмыс жоспарының жобасы да талқыланды.
Кеңес мүшелері Кеңес қызметіне ақпарат пен азаматтық қоғам саласына қатысты жекелеген мәселелерді енгізу жөнінде ұсыныстар берді.
Соған қоса, Қоғамдық кеңес комиссияларының қызметін жандандыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Айта кетейік, АҚДМ Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам, жастар мен отбасы, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы жалпы 4 комиссия жұмыс істейді.
- 02.05.2023
- 125