• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2022 жылы Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңір басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды қадағалайтын жұмыс тобы құрылды. Алдын ала жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша облыста 973 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған. Оның 356 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылған.
Атап айтқанда, мыналар мемлекет меншігіне қайтарылды:
 
Түпқараған ауданы – 85,3 га
Мұнайлы ауданы – 26,09 га
Бейнеу ауданы – 33,8 га
Қарақия ауданы – 171,8 га
Маңғыстау облысы – 39,6 га
Жаңаөзен - 10 га.

Мониторинг нәтижесінде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі «Сенек» ЖШС (288 946 га), «Таушық» ЖШС (247 633 га) және «Қарағантүбек» (212 192 га) жерлеріне тиесілі екені анықталды. Мониторинг, тексеруден кейін «Сенек» ЖШС 168 946 гектар, «Таушық» ЖШС 70 мың гектар жерді өз еркімен мемлекетке қайтарды.

Сонымен қатар жоспардан тыс тексеру туралы хабарламадан кейін жерінің жалпы көлемі 67 787 га болатын 85 жер пайдаланушы қолда бар малын ИСЖ базасына тіркеді.

– Мемлекеттік қорда 8 миллион 667 мың гектар жайылымдық жер бар. Өңірде ауыл тұрғындары босалқы жерлер, сондай-ақ жақын маңдағы ауыл шаруашылығы ұйымдарының есебінен мал жайылымымен қамтамасыз етілген. Елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтуда өткір проблемалар жоқ. Дегенмен елді мекендердің аумағын кеңейту арқылы қосымша жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазіргі таңда алыстағы жайылымдық жерлерді де ауыл шаруашылығы айналымына тарту, халыққа пайдалану мәселелері пысықталуда, – дейді Маңғыстау облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қахарман Бағынов.

Барлық қайтарылған жерлер енді Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш министрлігі бірлесіп әзірлеген геосервисте көрсетіледі.

Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • 02.05.2023
  • 143
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика