• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтілуде

1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Ақтауда «Бейбітшілік - ел бірлігі» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мерекеге өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, қоғам белсенділері, қала тұрғындары қатысты. 

Мерекелік іс-шара аясында  этномәдени бірлестік өкілдері қонақтарды күлімдей қарсы алып, ұлттық тағамдарды ұсынды. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойнады. 

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев барлық маңғыстаулықтарды Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады.

-Құрметті маңғыстаулықтар!
Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз! 1 мамыр - елімізді мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстарды бірлікке ұйыстыратын күн. Еліміздің әрбір азаматы ұлттық мәдени мұрамыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуге ат салысуы тиіс. Шын мәнінде ортақ отанымызда өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдері өзара татулық пен құрметті қадір тұтады. Халқымыз бейбітшілік пен бірлікте өмір сүріп келеді. Қазақстан - 130-дан астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел. Бекем бірлік пен ымыралы ынтымақтастық біз үшін бәрінен де қымбат құндылық. Қазақ халқында «Ынтымақ түбі - игілік, тірлік түбі - бірлік» деген мақал бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарында «әртүрліліктегі бірлік» қағидаты Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінің кең палитрасын біздің баға жетпес байлығымызға айналдырғанын атап өтті. Сондықтан, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді, рухани және мәдени құндылықтарды сақтау біздің міндетіміз болып қала береді. Сіздерді ең мейірімді және маңызды мерекелердің бірі – достық, түсіністік және келісім мерекесімен шын жүректен тағы да құттықтаймын. Осы мамыр күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және үйімізге береке тілейміз! - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Маңғыстау облысында тұратын түрлі этнос өкілдері ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетті. Айта кетейік, Маңғыстауда бүгінгі таңда 60-қа жуық ұлт, 20 этномәдени бірлестіктің өкілдері тұрады.

  • 02.05.2023
  • 155
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика