- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылдың көктеміне себу мерзімінің түпкілікті болжамын Қазгидромет шығарды
Есептеліп алынған деректерге сәйкес жаздық дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімдері Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында көбінесе мамырдың екінші және үшінші онкүндіктерінде, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында - мамырдың бірінші және екінші онкүндіктерінде болжанады.
Қарағанды мен Ұлытауда көбінесе мамырдың екінші және үшінші онкүндіктерінде.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында көбінесе мамырдың екінші және үшінші онкүндіктерінде, Алматы және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында мамырдың бірінші және екінші онкүндігінде егіс науқанының басталуы болжанады.
Жаздық дәнді дақылдарды оңтайлы себу мерзімдерін сақтау көктемде және жаздың екінші жартысында өсімдіктердің ылғалға қажеттілігі максималды болған кезде жинақталған ылғалды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ үнемі ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланады.
- 02.05.2023
- 105