- Блогтар
- Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы қорытындысы бойынша ҚХА «Көзқарас» талқылау алаңы өтті
2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы қорытындысы бойынша ҚХА «Көзқарас» талқылау алаңы өтті.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен кафедралар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.
Дархан Қыдырәлі өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен XXXII сессиясы шеңберінде қойған төрт негізгі бағытына егжей-тегжейлі тоқталды. Ол бұл бағыттарды іске асыру этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі тиімді орындауға ықпал ететінін, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың пікірлері мен ұсынымдары бұл мәселеде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сөз сөйлеу барысында Марат Алмасұлы өткен сессиядағы талқылаулардың, Мемлекет басшысының сөз сөйлеуінің, сондай-ақ бірегейлік, бірлік және келісім тақырыптарына арналған өткізілген секциялық алаңдардың негізгі аспектілері туралы айтты. Ол мемлекеттік тілдің, БАҚ-тың осы мәселені ілгерілетудегі рөліне баса назар аударды.
Алаң спикерлері өз сөздерінде азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге қатысу дәрежесін арттыру және жастар бастамаларын кешенді қолдау негізінде жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін қозғады. Әлеуметтік тұтастықты нығайту үшін мемлекеттік тілді ілгерілетудің тәсілдері мен әдістері талқыланды. Сонымен қатар, алаңда этникалық БАҚ-тарды дамыту, контентті үйлестіру және бірлік пен өзара түсіністікке негізделген құндылықтарды жан-жақты ілгерілету сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.
Іс-шара соңында спикерлер алға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында пікір алмасып, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі векторларын анықтады.
- 04.05.2023
- 148