• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Жолдағы қауіпсіздік мәселесі бейнекамералармен шешілмейді, біз көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек

Ресми статистика бойынша 2022 жылы 448 жол-көлік оқиғасынан 108 адам қаза тапқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 57%-ға артық. Аталған деректерді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Автокөлік апатының ең көп болуына себебі - жолдағы жылдамдықтың шамадан тыс арттырудан болып отыр. Осыған байланысты биыл Мұнайлы ауданы мен облыс орталығының жолдарында "Сергек" камералары орнатылады. Алайда, камералардың пайда болуы жолдардағы өлім-жітімнің төмендеуіне кепілдік бермейді, сондықтан автокөлік жүргізушілері арасында көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажеттігін Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында өңір басшысы деп атап өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда ЖКО-да өлім-жітім санының өсуі ерекше байқалады. 2022 жылы жолда болған апаттардан 108 адам қаза тапты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір құзыретті органдардың негізгі міндеті - облыс жолдарындағы өлім-жітімнің алдын алуға мүмкіндік беретін шараларды қабылдау болып отыр.

Осыған байланысты биыл Мұнайлы ауданы мен облыс орталығының жолдарында "Сергек" интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылып, 1 138 бейнебақылау камерасы орнатылады. Жобаның құны 6,6 млрд теңгеге бағаланған.

Жолдағы жылдамдық режимі апаттың негізгі себептерінің бірі болғанына қарамастан, жолдың жағдайына да назар аударған жөн.

Маңғыстау облысында осы жылы 238,4 шақырымды қамтитын 13 жобаның жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Бейнеу, Құрық, Сенек, Кұланды, Бостан, Мунайшы, Даулет, Батыр, Баянды, Маңғыстау, Қызылтөбе, Басқұдық, Акшұрыр, Сайын Шапағатов, Шетпе және Өмірзақ ауылдарының ауылішілік жолдарына жөндеу мен құрылыс жұмыстарына басталды.
Сондай-ақ, биыл  Ақтау қаласының автобус паркін жаңарту үшін жолаушыларға арналған 16 автобус сатып алынды. Соның нәтижесінде қаланың автобус паркі 100%-ға жаңартылғанын атап өткен жөн. 2022 жылдың қараша айында №105 ауданаралық маршрутқа 12 жолаушылар автобусы пайдалануға берілді. Биыл бұл жұмыстар облыстың басқа аудандарында жүргізілетін болады. Ақтаудың қалаішілік және ауданаралық бағыттары үшін 140 заманауи автобус сатып алу жоспарлануда.

- Статистикалық деректер жол-көлік оқиғасының өскенін көрсетеді. Өткен жылы 108 адам қаза тапты, бұл үлкен көрсеткіш. Біз апаттардың алдын алу үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Автобус паркі жаңартылуда, жолдар жөнделуде, сондай-ақ, бейнебақылау камералары орнатылуда. Алайда, бұл шаралар да жол апаттарының төмендеуіне кепілдік бермейтінін мойындау керек, сондықтан біз көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Жасыратыны жоқ, кейбір автокөлік жүргізушілері бейнебақылау камерасының қай жерде орналасқанын біледі, оның жанынан өтіп бара жатып, жылдамдықтан асып, қозғалыстың қалған бөлігіне қауіп төндіреді. Сіз бұл мәдениетті өзіңізден бастап, барлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік таныта аласыз. Жөндеу жолдарының сапасына қатысты бөлек айту керек. Мемлекет басшысы жол салу кезінде стандарттардың сақталуын бақылауды күшейтуге бірнеше рет назар аударды. Бұл жұмыс жауапты тұлғалардың тұрақты бақылауында болуы тиіс, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы еліміздің өңірлік бөлінісі бойынша Маңғыстау облысында жергілікті жолдардың ең жақсы жағдайы байқалғанын, алайда мәселе бар екенін атап өтті. Көп тонналық ауыр жүк тасымалдауға арналған көліктер жол төсемін бұзады, соның салдарынан таяуда төселген асфальт жолдарда шұңқырлар мен кішкентай ойықтар пайда болады.

- Жүк көліктерінің салмағы асфальт жолдағы жүктеме үшін шекті рұқсат етілген межеден асып жығылады. Бұл салынған жолдардың тез бұзылып, тозуына әкеп соғады. Сондықтан жұмсалған қаражаттың тиімділігі мен жолдың сапасы қатаң бақылауда болады. Ол үшін биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен біз заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген төрт жылжымалы көліктік бақылау бекетін аламыз. Дегенмен, бәрін бақылау мүмкін емес.Сондықтан жолдағы жүк тиелген ауыр көліктерді көргендердің барлығын суретке түсіріп, мемлекеттік нөмірмен бірге полицияға жіберуге шақырамын. Азаматтық қоғамда сіз және сіздің достарыңыз, туыстарыңыз жүретін жолдарда тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысуы маңызды, - деді Нұрлан Ноғаев. 

  • 10.05.2023
  • 175
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика