• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтау және Жаңаөзен қалаларында Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Нұрлан Өнербаевтың кеші өтті

Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаевтың «Айтылмаған бір әнім бар»  атты жеке шығармашылық кеші өтті.

Қазақ сахнасының саңлағы, эстрадалық әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев Ақтау және Жаңаөзен халқының алдында өнер көрсетті. 

Республикалық турне барысында ұйымдастырылған концерт көптеген көрерменнің жүрегінен орын тауып, әнмен қуантты. 

Нұрлан Өнербаев бірнеше жыл бұрын қоңыр даусымен және әсем әуендерімен халықтың жүрегін жаулаған болатын керемет әнші.

Ол сондай-ақ, 11 жыл бойы театр сахнасында өнер көрсеткен керемет актер. Оның Ш.Айтматовтың «Жер Ана» қойылымындағы Жанақ рөлі, Ғ. Мүсіреповтың «Амангелді» шығармасындағы Қалиды сомдауы, Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен Тер» спектакліндегі рөлдері әлі де болса көптің жадында. 

Сонымен қатар, әнші осы уақытқа дейін 70-тен астам әннің алғашқы орындаушысы болған. Қазір олардың көп бөлігін жас әншілер орындап жүр.

Бүгінде әртіс Қазақстанның өзге өңірлерінде өнер көрсетіп, гастролдік сапар бойынша былтырдан бері 12 қаланы аралап шыққан. 

-Нұрлан Өнербаевты нағыз халық әншісі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, ол керемет даусымен тек елімізде ғана емес, қазақ әндерін әлем сахналарында шырқаған талант. Нұрлан Өнербаев өз шығармашылығымен біздің ұлттық өнерімізді сақтауға және дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан халықтың біртума ұлы, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 10.05.2023
  • 169
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика