- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті
6 мамыр М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Кеште халық алдындағы қызметі үшін әскерилер мен әскери-патриоттық қоғамдық бірлестіктердің ардагерлері, полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Отан қорғаушылар күніне орай әскери борышын өтеу кезіндегі қызметі үшін Маңғыстау облысы әкімінің алғысымен Қорғаныс министрлігінің «25744» әскери бөлімінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің облыстық департаментінің, Ұлттық ұланының «6656» және «3502» әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері марапатталды.
Сонымен қатар, өңір басшысының марапатына Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық полиция және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері ие болды.
-Бұл күні мемлекет, қоғам және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіледі. Тәуелсіз елге мінсіз қызмет ету және оны қорғау — әрбір азаматтың қасиетті парызы. Барлық уақытта Отанға деген сүйіспеншілік, оның тағдыры үшін жауапкершілік, оны қорғауға кез-келген уақытта дайын болу өте маңызды құндылық және солай болып қала береді. Бейбіт заманда Отанды қорғау дегеніміз - ата-баба дәстүрін құрметтей отырып, ел игілігі үшін адал еңбек ету. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудегі, Отан қорғаушының ұлттық мақтаныш пен абыройдың үлгісі ретіндегі жаңа келбетін жасау жолында ардагерлердің еңбегіне жоғары баға бермеу қиын. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтаймын, отбасыларыңызға бақыт пен бейбітшілік, жақсылық пен ашық аспан тілеймін, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
- 10.05.2023
- 142