• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ардақты маңғыстаулықтар!

Сіздерді 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сұрапыл соғыстың біткеніне, міне, 78  жыл толды. Бүгін жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн.
 
Отанды қорғау, елге абыроймен қызмет ету қастерлі іс. Осынау жауапты міндеттің үдесінен шығып, сын сағатта ерлік көрсеткен ардагер аға буын мен тылда еңбек еткен аға-апаларымыздың еселі еңбегіне мың тағзым етеміз. 

Сондықтан, осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
 
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз» деп айтқан болатын. Бейбіт күнге жеткізген батырларымызға құрметіміз қашанда жоғары.
 
Өкінішке орай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның  қатары жыл сайын сирей түсуде. Биыл Маңғыстау облысында Жеңістің 78 жылдығын небәрі 3 ардагер, 510 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Асыл текті қарияларымызға Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбектеріңізге бас иіп, Маңғыстау халқының атынан алғыс айтамыз!

Жеңімпаздар ерлігі, өршіл рухы, аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлық бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, жастар өздеріңізге қарап бой түзейді.

Сондықтан қадірлі қарияларымызды, жерлестерімізді Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Еліміздің тыныш, халқымыз аман болсын!
 
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі                   Нұрлан Ноғаев

  • 10.05.2023
  • 178
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика