- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Егістіктердегі ылғал қоры
Жыл сайын қар жамылғысының қалыптасуы алдында «Қазгидромет» РМК мамандары өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайларын және топырақтың метрлік қабатында ылғалдың жиналу жағдайларын бағалау үшін егістіктерге маршруттық тексеру жүргізеді.
2020 жылғы қыркүйек-қарашада жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша 69-140 мм шегіндегі топырақтың неғұрлым жоғары ылғалдылығы Қазақстанның солтүстік және орталық бөлігінде, сондай-ақ елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында таулы және тау бөктерлі аудандарда байқалды. Кейбір жерлерде ылғал қоры 150-320 мм-ге жетті. Республиканың қалған аумағында топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қорының деңгейі 68 мм-ге дейін болды.
Жалпы Қазақстанның батысында, Павлодар және Жамбыл облыстарында ылғал қоры қанағаттанарлықсыз (нормадан төмен), тек кей жерлерде ылғалдың қанағаттанарлық қоры байқалды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қоры біркелкі болмады және жеткіліксізден (нормадан төмен) оңтайлы (нормадан жоғары) деңгейге дейін бағаланды.
- 09.12.2020
- 293