• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Kronospan компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

13 мамырда Ақтауға Kronospan (Кроношпан) компаниясының коммерциялық директоры Томаш Янчак пен компанияның Қазақстандағы өкілі Екатерина Рабизова бастаған мүшелері Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында компания өкілдері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Бектемірмен кездесті. Жүздесу барысында Маңғыстау облысында ламинатталған ағаш тақтасын (ЛДСП) өндіру жобасын іске асыру мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 
Руслан Бектемір Мәскеу (а.ж. 20-22 сәуір) және Астана қалаларындағы Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында (а. ж. 10-12 мамыр) потенциалды инвесторлармен өткізілген кездесулерде Kronospan компаниясымен Ақтау қаласына сапары бойынша уағдаласқан.

- Бірінші кезекте біздің өңірде жобаны іске асыруға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздерді қасиетті Маңғыстау жерінде көргенімізге қуаныштымыз және бүгінгі кездесуіміз өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен істің бастауы болады деп үміттенеміз.
Географиялық жағынан қолайлы жерде орналасқан Маңғыстау Қазақстанның жетекші әрі маңызды өңірлерінің бірі болып саналады. Облыста бизнес жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңір экономикасын әртараптандырудың тиімді құралы ретінде табысты жұмыс істеуде.
Маңғыстау өзара тиімді ынтымақтастыққа, ұсыныстар мен бизнес-идеяларға әрқашан дайын, – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Бектемір.

Өз кезегінде Kronospan компаниясының коммерциялық директоры Томаш Янчак компанияның өнімдерімен, қызметтерін, жобаның бизнес-тұжырымдамасын және шетелдік даму мүмкіндіктерін таныстырды.
- Kronospan-1897 жылы Австрияда құрылған әлемдегі ең ірі ағаш тақтайшалар әзірлейтін холдингтердің бірі. Бүгінгі таңда Kronospan Жиһаз жасауға және құрылыс саласына арналған плита өнімдерін шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания ДСП және ЛДСП, МДФ және ЛМДФ, ХДФ, ЛХДФ, еден жабындары мен ОСБ, фанера даярлайды. 
Соңғы 125 жылда компания үнемі өсіп, әлемдік құбылмалы талаптарға сай болуға ұмтылды. Бүгінгі таңда Kronospan-ның бүкіл әлем бойынша 53 өндіріс орны бар, 125 елге өнім жеткізеді. Компанияның кәсіпорындарында 18000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, Kronospan жоғары экологиялық талаптарға сай жауап беретін, көміртегін өндірмейтін компания болып табылады. Оның өнімдері жыл сайын 20 миллион тоннадан астам СО2 ұстап қалады, - деді Томаш Янчак.
 
Қазақстанда австриялық компания жаңа жобаларға инвистиция құю мүмкіндіктерін қарастырады. Олар логистикалық хабтар мен өндірістік кәсіпорындарға, оның ішінде өндірістік қызметті дамытуға және өзінің Қазақстанда жасайтын өнімін экспорттауға «Ақтау қаласындағы теңіз порты» АЭА-ға инвестиция жасау мүмкіндіктерін қарайды. 
 
Сонымен қатар, делегация іс-сапар аясында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болып, ондағы жер учаскелерімен, инвестициялық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктермен танысты.
 
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап Маңғыстау облысындағы әлеуетті инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін одан әрі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

  • 15.05.2023
  • 138
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика