• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмолалық оқушы шетелдік 6 университеттерінің грант иегері атанып, 4 университетке шақырту алды

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас өз ұстаздары мен ата-аналарын сүйінші хабармен қуантты. Жарас ағымдағы оқу жылы АҚШ –тың 6 университетінің ( Widener university - 148000$; Michigan state university - 72000$; Arizona state university - 52000$,Loyola university Chicago - 84000$, Adelphi university - 100000$, George Mason university - 48000$ )   грант иегері атанды. Сондай-ақ АҚШ-тың және Канаданың  4 университетінен (Pennsylvania state university, University of Illinois Chicago, University of Toronto, University of Ottawa) арнайы   шақырту алып отыр. 

Жарастың бала күнгі арманы криминалист болу еді. Криминалистика туралы түрлі фильмдер мен көркем әдебиеттер оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған. 2023 жылы лицейдің 11-сыныбында оқып жүріп, «Coursera» сайтындағы Сингапур университетінің «Криминалистика және криминальная психология» курсының тыңдаушысы атанады.  Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы “How do people get on the path murder and violence” деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазады.  2021-2022, 2022-2023 оқу жылы Жарас ағылшын тіліндегі республикалық дебат турнирлеріне қатысып, 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі “World scholars cup” халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 куміс медаль иеленді.  Үздіксіз дайындық пен табандылығының  нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді  оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды.Бұл, әрине, оқушы мен ата-анасы үшін үлкен қуаныш және оқушыларын білім шыңдарын бағындыруға талаптандырып отырған «Білім-инновация»лицей-интернатының  табысты жеңісі деп білеміз.

Алтын ұя лицейінен қанат қаққалы түрған жас түлегімізге білімнің биік шыңдарын бағындырып, туған еліне аман-есен оралып, Қазақ елі мен халқына адал қызмет ететін білікті маман иесі  болуына тілектестік білдіреміз.

  • 15.05.2023
  • 132
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика