- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
2023 жылғы қаңтар-сәуір аралығындағы Мемлекеттік қаржының орындалуы туралы
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.
Е.К. Жамаубаев өз сөзінде мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн. теңге түскенін және жоспар 104,6% - ке орындалғанын атап өтті.
Республикалық бюджетке 4 трлн. теңге түсті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 140,0% - ке орындалып, 2,1 трлн. теңгені құрады. Жоспар 607 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 565 млрд. теңгеге асыра орындалды.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6% – ке, республикалық бюджет шығыстары 99,0% – ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 98,6% - ке орындалды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 4 айында 684 аудиторлық іс-шара өткізілгені атап өтілді. Аудитпен 303 млрд. теңге қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша шамамен 46 млрд. теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 31 млрд. теңгеге бұзушылықтарды жойылды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев есепті кезеңде жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру туралы айтты.
- 16.05.2023
- 124