• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркиялық инвесторлар «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында мыстан жасалған сым өндіруге мүдделі

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Түркияның «Er-Bakir» ірі зауытының өкілдерімен кездесті. Компания жылына 200 мың тонна мыстан жасалған сым шығаратын қуаттылығы жоғары өндіруші болып табылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Er-Bakir» компаниясы Маңғыстау облысында мыстан жасалған сым өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Нұрлан Ноғаевтың түрік делегациясымен кездесуі барысында белгілі болды. 
Басқосуда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жобаның болжамды орны ретінде қарастырыла отырып, Маңғыстау облысындағы мыс сым өндіру жобасының іске асырылу мүмкіндіктері талқыланды.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының инвестициялық жобаларды іске асыру үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың өсуі мен әртараптануының негізгі факторларының бірі инвестицияларды тарта отырып, жаңа өндіріс орындарын құру. Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысында түрік капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 86 кәсіпорын тіркелген. Екіжақты инвестициялық ынтымақтастық ағымдағы кезеңде жоғары өсім көрсетіп отыр. Біздің бүгінгі кездесуіміз Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтады деп ойлаймын, - деді Нұрлан Ноғаев.  

Айта кетейік, Маңғыстау облысының Түркия Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2022 жылы 73,7 млн.долларды құраса, 2023 жылдың 1 тоқсанында 6,6 млн. АҚШ доллар көрсеткішіне жетіп отыр. Оның ішінде экспорт көлемі – 2,5 млн АҚШ долларын, ал импорт-4,1 млн. АҚШ долларын құрайды. 
Экспортқа шикі мұнай өнімдері мен зергерлік бұйымдар, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, өңделмеген алюминий кірсе, импортқа: көкөністер мен жемістер, минералдар, фтор, хлор, бром, бояулар мен лактар кіреді.

  • 16.05.2023
  • 168
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика