• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2023 жылғы жазғы айларына арналған Қазақстан аумағы бойынша маусымдық ауа райы болжамы

Маусымдық болжам жылына алты  рет жасалады: жылы жарты жылдыққа арналған 1 болжам және суық жарты жылдыққа арналған 1 болжам, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күз маусымдарына арналған 4 тоқсандық болжаммен нақтыланатын болады:

  • 15 ақпанда көктем айларына (наурыз-мамыр);
  • 15 наурызда жылы кезеңге (сәуір-қазан);
  • 15 мамырда жаз айларына (маусым-тамыз);
  • 15 тамызда күз айларына (қыркүйек-қараша);
  • 15 қазанда суық кезеңге (қараша-наурыз);
  • 15 қарашада қыс айларына (желтоқсан-ақпан).

 

Жаз – таңғажайып, әдемі және жарқын жыл мезгілдерінің бірі.     

Консультативті болжамға сәйкес 2023 жылы жазда республиканың басым бөлігінде температуралық фон нормадан жоғары, тек солтүстік аймақтарда норма шамасында күтіледі. Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында фронтальды бөліктердің өтуімен және Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының                                  күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін ауытқуы мүмкін, ал еліміздің оңтүстік-батыс жартысында жекелеген күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады.

Жаздың алғашқы айы – маусым республиканың басым бөлігінде ыстық болады деп күтіледі, орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +18+23°С, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында +24+28°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +7+17°С).

Шілде – жаздың ортасы, республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында, Казақстанның оңтүстік аймақтарында нормадан 1° жоғары күтіледі (норма: республиканың басым бөлігінде +18+24°С, еліміздің оңтүстік жартысында +25+30°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +9+17°С).

Жаздың соңғы айы – тамыз еліміздің басым бөлігінде ыстық болады деп күтіледі, орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, тек республиканың солтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +20+28°С, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында +16+19°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +11+15°С).

Жауын-шашынға келетін болсақ, жалпы республиканың басым аймақтарында жазда жауын-шашынның жетіспеушілігі байқалады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында күтіледі:

маусым айында – солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында (норма: республиканың басым аймағында 25-49 мм, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында 1,7-24 мм, солтүстіктің жекелеген аймақтарында және республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында 51-155 мм);

шілде айында – республиканың солтүстік-батыс бөлігінде (норма: республиканың басым аймағында 25-49 мм, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында         1,4-24 мм, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыстың жекелеген аймақтарында және республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында 50-84 мм);

тамыз айында – Казақстанның солүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарында (норма: республиканың басым аймағында 1-24 мм, еліміздің солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығысында 25-49 мм, республиканың солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысының жекелеген аймақтарында 50-63 мм).

  • 17.05.2023
  • 137
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика