• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Ақтауда Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының мерейтойы аталып өтті

Ақтауда Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының 20 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты шараға елімізге белгілі мәдениет өкілдері, соның ішінде қазақ кино және театрының көрнекті қайраткері Асанәлі Әшімов, театр сыншысы Еркін Жуасбек, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды мен аталған оқу орынының профессоры - Анар Еркебай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов және басқа да қонақтар қатысты. 

Мерейтойға орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының әртістері арнайы қойылым көрсетті, одан соң шара коцерттік бағдарламамен жалғасты. 

-Баршаңызды театрдың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл өте үлкен мереке. Осы қуанышпен бөлісуге еліміздің әр өңірінен құрметті қонақтар келіп отыр, солардың бірі Асанәлі Әшімов. Біздің бірнеше ұрпақ оның фильмдерін көріп өсті. Бүгінде актер өнер саласындағы бастамаларды әрқашан қолдап, насихаттап жүреді, жастарға тәлімгерлік етеді. Ұлы актердің Ақтауға сапары, сондай-ақ басқа да еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің мерейтойға қатысуы Н.Жантөрин атындағы театрдың 20 жыл ішінде ел үшін қаншалықты маңызды рөл ойнағанын анық көрсетеді. Театр ұжымына еңбектері үшін маңғыстаулықтардың атынан үлкен ризашылығымды білдіремін, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Еске сала кетейік, Қазақ КСР Халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің есімімен аталған республикадағы ең жас музыкалық-драма театры өз жұмысын 2003 жылы бастаған болатын. Құрылған кезде театр құрамы небәрі 30 жас маманнан тұрды. Олар Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының түлектері еді. Осы жылдар ішінде театр көрермендердің сүйіспеншілігіне ие, елдегі жетекші театрдың біріне айналып, Халықаралық фестивальдарда Қазақстанның атынан табысты өнер көрсетіп үлгерді.

  • 19.05.2023
  • 175
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика