• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ҰЭМ басшысы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының саммитіне қатысты

Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) Азия даму банкінің Басқарушылар Кеңесінің 56-шы жыл сайынғы отырысы алаңында «Орталық және Батыс Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты белсендірудегі ОАӨЭЫ-нің рөлі» атты Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысушы елдердің саммиті өтті.

Іс-шараға Ұлттық экономика министрі – Қазақстаннан Азия даму банкінің басқарушысы Әлібек Қуантыров қатысты.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстан экономикасы қолайсыз сыртқы жағдайларға қарамастан, орнықты өсу жолына шықты. 2022 жылғы қорытынды бойынша 3,3%-ды құрады.

«Қазақстанда инвестициялық ахуал тұрақты. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,9%-ға артып, 15,1 трлн. теңгені құрады»,-деді ҰЭМ басшысы.

2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд-ты құрады.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер - Standard&Poor’s, Moody’s және Fitch Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растады.

Министр экономикалық дамудың перспективаларына жеке тоқталып өтті.

«Биыл Қазақстан экономикасы сыртқы жағдайларға бейімделуге мәжбүр. А.ж. қаңтар-наурызда ЖІӨ өсімі 4,9%-ды құрады. Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады», - деді Ә.Қуантыров.

Биылғы жылы Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттің бірі - экономикалық өсуді кемінде 4% көлемінде қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу жұмыстары басталды. Кәсіпкерлік саласында жаңа реттеуші саясат енгізілуде.

Бұдан басқа, Ә.Қуантыров бүгінгі таңда Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялау рәсімінен өтіп жатқанын хабарлады. Осылайша институттың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасудағы өз міндетін растап отыр.

Министр сөзінің соңында Қазақстанның "жасыл" бастамалары туралы баяндады. 2060 жылға қарай көміртегі байтараптығына қол жеткізу ҚР үшін басым міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.

  • 19.05.2023
  • 193
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика