• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы аталып өтті

Ақтауда «Маңғыстау» газетінің алғашқы саны шыққанына 50 жыл толды, сондай-ақ «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-нің 10 жылдығы аталып өтті. Мерейтойға редакция ұжымы, оқырмандар, журналистика саласының майталмандары мен республиканың өзге өңірлерінен келген қонақтар жиналды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстағы тұңғыш қазақтілді «Маңғыстау» қоғамдық-саяси газеті 50 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.

Газет тұңғыш рет 1973 жылы шығарылып, сол уақыттан бері ойлы оқырманға үздіксіз таратылып келеді. Маңғыстау медиа холдингі екі облыстық, бір қалалық және бес аудандық газетті біріктірген. Сонымен қатар «Маңғыстау медиа» сайтында журналистердің материалдары мен ақпараттары шығады.

Салтанатты шараға ұжымды 50 жылдық мерейтойымен құттықтауға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттағы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қарымды қаламгер, журналист Жанарбек Әшімжан,  ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес келді. Сонымен қатар республикалық БАҚ-ның директорлары, медиахолдинг басшылары, өңірдің ардагер журналистері қатысты.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Маңғыстау» газеті аймақтың жарты ғасырлық тарихын талмай парақтап келе жатқанын атап өтіп, газеттің ардагерлері мен оқырманын, бүгінгі ұжымын құттықтады. 

«Осы жылдар бойы «Маңғыстау» газеті өзінің қызықты стилімен, жарқын жобаларымен оқырманға дұрыс бағыт-бағдар беріп, еліміздің жас ұрпағына бай дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қарқынды ақпарат ағыны дәуірінде дәстүрлі баспасөз маңызды рөл атқарады. Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті», - деген екен. Осы орайда газеттердің ықпалын арттыру, журналистердің мәртебесін көтеру мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Маңғыстаудың баспасөз-ақпаратының қуаты артып, медиа орталықтарыңыз өркендей берсін! Қалам ұстаған қауымға шығармашылық шабыт, баршаңызға  толағай табыс тілеймін!», – деді Нұрлан Ноғаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығымен құттықтады.

«Маңғыстау газетінің ұжымы – жұртшылықтың айнасы ғана емес, БАҚ-та білікті журналистерді тәрбиелеп шығаратын нағыз кадр ұстаханасына айналды. Басылымның аудиториясын кеңейтіп, азаматтардың жалпы қоғамдық, саяси мәселелермен танысуына ықпал етуді тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер!» – деді Дархан Қыдырәлі.

Шара соңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен облыс әкімі журналистерді және БАҚ қызметкерлерін еліміздің дамуына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегі үшін марапаттады.

  • 22.05.2023
  • 186
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика