- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ермек Маржықпаев Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді
Астрахан ауданының тұрғындарымен жыл сайынғы есептік кездесуде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өнеркәсіп саласын дамытудың оң динамикасын атап өтті.
Өткен жылмен салыстырғанда "Астрахан құсы" ЖШС - де өндіріс көлемі ұлғайды - 1 млрд.теңгеден астам сомаға тауық еті өндірілді, "AZAM KC" ЖШС - 1,7 млрд. теңгеден астам сомаға астық кептіру кешендері мен жабдықтары өндірілді, "Aina Resources" ЖШС-құрамында алтын бар кен өндіру 12 тоннадан астам құрады.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді. Николаев, Қызылжар, Староколутон ауылдық округтерінде және аудан орталығында жалпы саны 282 бас ІҚМ болатын төрт ет фермасын құру бойынша жобалар іске асырылды. Первомай ауылдық округінде 400 басы бар бір сүт фермасы құрылды. 100 бас ІҚМ сатып ала отырып, екі ет фермасын құру жоспарлануда.
Төрт жыл ішінде 57,6 шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері салынды және жөнделді, бұл ескі Колутон, Жалтыр, Астрахан және Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етті.
Ағымдағы жылы Еңбек ауылының су құбыры желілерін, Таволжанка, Қаракөл ауылдарындағы суды тазартуға арналған блок – модуль орнатып, Астраханка, Жалтыр ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуға, сондай-ақ Астраханка ауылындағы су құбыры мұнарасын ауыстыруға және Зеленое ауылындағы су қысымы мұнарасын жөндеуге қаражат бөлінді.
Жамбыл ауылында су құбыры желілерін салуға, Жарсуат ауылының су құбыры желілерін реконструкциялауға, Өрнек ауылында суды тазарту бойынша блок - модуль орната отырып, су құбырын салуға ЖСҚ әзірленді.
Соңғы төрт жыл ішінде ауданда Жаңа Колутон, Таволжанка, Колутон, Бұлақты, Жалтыр, Жаңатұрмыс, Жамбыл ауылдарына шамамен 50 км кірме жолдар және Астраханка, Жалтыр, Новочеркасское, Старый Колутон, Колутон ауылдарына 36 км кентішілік жолдар жөнделді.
Биылғы жылы Жаңа - Тұрмыс ауылына кірме жолды орташа жөндеу, Жалтыр, Петровка, Зеленое, Новый Колутон, Колутон және Каменка ауылдарындағы көше – жол желісін жөндеу жоспарланған.
Астрахан, Жалтыр, Жаңа – Тұрмыс ауылдарындағы көше – жол желісін орташа жөндеуге, Степное, Колутон, Жамбыл, Оксановка және Каменка ауылдарына кірме жолдарға сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінді.
Электрмен жабдықтау саласында Астраханка және Жаңа Колутон ауылдарында көше жарығын салуға қаражат бөлінді.
Білім беру саласында өткен жылы Колутон мектебіне күрделі жөндеу және Таволжанск мектебінің жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді. Старый Колутон және Жалтыр ауылдарындағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге, Өрнек ауылындағы шатырды жөндеуге қаражат бөлінді. Сондай-ақ Жалтыр, Камышенка, Жаңа Колутон, Өндіріс, Оксановка және Ковыленка ауылдарында 6 мектепті жаңғырту жоспарлануда.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында екі клуб, БЖСМ ғимараты жөнделді, бассейні бар дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынды.
Аудандық мәдениет үйінің шатыры қайта жаңартылды. Новочерскасское ауылында спорттық ғимараты бар мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Первомайка, Колутон ауылдарында ауылдық клубтар салу бойынша жобаларды әзірлеуге және Новый Колутон және Оксановка ауылдарында күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді.
Шағын ауылдарда спорт және балалар алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Старый Колутон ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, іс-шарада ауданда ҚТҚ-ны заңдастыру, педагог кадрлардың жетіспеушілігі, жерді мемлекеттік қорға қайтару және т.б. мәселелер көтерілді.
"Жалпы, жақсы қарқын беріліп, осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Мемлекет тарапынан ауданыңызды дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Өкінішке орай, проблемалар бар және оларды бір уақытта шешу мүмкін емес, сондықтан біз оларға кезең - кезеңімен жақындап келеміз және аудан тұрғындары түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз", - деп қорытындылады облыс әкімі.
Халықпен кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.
- 22.05.2023
- 187