• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының әкімі Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуінде егіндікөлдіктерді толғандыратын бірқатар проблемалық мәселелерді шешу және инфрақұрылымның дамуы туралы айтып берді.

Егіндікөл ауданының даму қорытындысы бойынша дамудың орташа динамикасы атап өтілді, төрт индикатор орындалмады – негізгі капиталға инвестициялар, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі төмендеді, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және құрылыс жұмыстарының көлемі азайды.

Өңір басшысы аудан басшылығына нысаналы индикаторлардың орындалуына қол жеткізуді тапсырды.

Кездесуде айтылған өзекті мәселелердің бірі – ауданның сумен жабдықталуы.

Өткен жылы суды тасымалдау үшін сыйымдылығы 10 текше метр су тасымалдайтын көлік сатып алынды. Ұзынкөл, Тоғанас және Буревестник ауылдарының су құбыры құрылыстары алаңдарының қоршауын орнату жүргізілді. Сондай-ақ, сумен жабдықтау бойынша аяқталмаған жобалар бар, олар су құбыры құрылыстарының алаңын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар.

"Қаржыландыру бөлінді, қандай да бір себептермен жұмыстар аяқталмады. Әкімдік басшылығына ауданда осындай жобаларды іске асыруға аса мұқият қарауды тапсырамын, әсіресе бүгінгі күні сумен жабдықтау мәселесі маңызды әрі өзекті болып табылады", - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, тұрғындар пайларға құқықтарды қалпына келтіру, Егіндікөл ауылына кіретін жолды жөндеу қажеттілігі және т. б. сұрақтар қойды.

Инфрақұрылым саласында өткен жылы Егіндікөл, Бауман, Полтава ауылдарында және Ұзынкөл ауылындағы батырлар паркінде ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ағымдағы жылы Егіндікөл – Жолан, Полтавское – Буревестник, Егіндікөл – Спиридоновка автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Егіндікөл, Полтавское, Спиридоновка, Ұзынкөл, Қоржынкөл ауылдарындағы кентішілік жолдарды, Ұзынкөл ауылындағы кірме жолды жөндеуге қаражат бөлінді.

Білім беру саласында Егіндікөл, Бауман, Қоржынкөл және Спиридоновка ауылдарындағы мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылы Егіндікөл ауылындағы "Балбөбек" балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді.

Үш жыл ішінде мәдениет саласында аудандық мәдениет үйіне, Ұзынкөл ауылының мәдени – демалыс орталығы ғимаратының үй-жайлары мен қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары, ангар үлгісіндегі спорт залы орнатылды

Тоғанас, Бауман, Полтава, Спиридоновка ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылған.

2023 жылы Орталық стадионның жүгіру жолына тартан жабынын төсеуге, Егіндікөл, Спиридоновка, Қорқем ауылдарында балалар, спорт, көпфункционалды алаңдарды орнатуға қаражат бөлінді.

«Мемлекет тарапынан ауданның дамуы үшін барынша жағдай жасалуда. Аудан басшылығының алдында нақты міндеттер тұр, оларды  уақытылы және сапалы шешілуі тиіс ", - деп түйіндеді облыс басшысы.

  • 22.05.2023
  • 209
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика