• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ермек Маржықпаев халықпен кездесу өткізді Біржан Сал

Ауданның даму тенденциялары туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Біржан сал аудан халқының алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесуінде айтып берді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 37 млрд. теңгеден асты, егіс алқабы 26 мың гектарға ұлғайды.

305 бас ІҚМ сатып алумен 5 ет фермасы және 160 бас ІҚМ сатып алумен бір сүт фермасы құрылды.

Екі жыл ішінде ауданда 22 шақырым жол жөнделді. Ағымдағы жылы шамамен 43 км жол желісін жөндеу жоспарлануда.

Биыл Щучинск – Степняк жолын күрделі жөндеу, Құдықағаш – Макинка аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу, Степняк қаласындағы, Баймырза, Үлгі, Бірсуат, Кенашы ауылдарындағы кентішілік жолдар мен тротуарларды орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланған.

Сумен жабдықтау саласында өткен жылы Степняк қаласындағы Первомайская көшесінде су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу және мұнара орнату жүргізілді. Макинка ауылында мұнара орнату аяқталды.

Заозерное және Мақпал ауылдарындағы су құбыры желілерін реконструкциялауға, сондай-ақ ауданның 7 елді мекенінде су тарату пунктін орнатуға қаражат бөлінді.

Чапаев, Сыздықов, Біржан көшелерін жылумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау желілері мен қазандықты жөндеу, Степняк қаласында көшелерді жылумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу жоспарланған.

Биыл Біржан Сал көшесінде 21 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.

Әлеуметтік сала дамуда. Ауданда аурухана салу қажеттілігі өзекті мәселелердің бірі болды. Биыл Степняк қаласында жаңа аурухана мен емхананың құрылысы басталады.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында Андықожа батыр ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.

Білім беру саласында өткен жылы Еңбекшілдер ауылындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ Алға ауылындағы мектеп шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Андықожа, Кеңащы, Макинка ауылдарындағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленді. Бұланды мектебінің құрылысы жалғасуда.

Өңірде мәдениет саласына және спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы Үлгі және Анғал батыр ауылдарында спорт алаңдары орнатылды.

Ағымдағы жылы Мамай, Заураловка және Құдықағаш ауылдарында спорт алаңдарын, сондай-ақ Қоғам, Мақпал, Еңбекшілдер, Заозерное, Бірсуат, Қызылұйым ауылдарында 6 ойын алаңын орнату жоспарлануда.

2022 жылы Біржан Сал аудандық мәдениет үйінің ғимаратына ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлгі ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізуге оң мемлекеттік сараптамамен ЖСҚ әзірленді.

Баймырза ауылындағы мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Ағымдағы жылы Үлгі, Макинка, Еңбекшілдер, Тасшалқар және Андықожа батыр ауылдарында коворкинг орталықтарын және Заозерное, Заураловка ауылдарында модельдік кітапханаларды ашуға қаражат бөлінді.

Кездесуде тұрғындар көтерген ең көп таралған мәселелердің қатарында жолдарды жөндеу қажеттілігі, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі туралы сұрақтар болды.

"Аудан бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, жоспарланған және іске асырылып жатқан барлық жобалар өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған және бұл жұмыс жалғасады. Аудан басшылығының алдында нақты  міндеттер тұр, олар аудан халқының игілігі үшін шешілуі тиіс", - деп атап өтті облыс басшысы.

Есепті кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

  • 22.05.2023
  • 197
Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика