• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған концерт өтті

22 мамыр Ақтау қаласында Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Дала дидары» атты көшпелі өнер ұжымының концерті өтті. 

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, БҚО Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының басшысы Бауыржан Халиолла, өңірдегі әдебиет саласының майталмандары мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. 

Қадыр Мырза Әлі Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың, «Тарлан», «Парасат» сыйлықтарының және I дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ал оның таңдамалы шығармалар жинағы 16 томды құрайды. 

Оның қаламынан шыққан 50-ден астам аудармалар мен сыни мақалалар, жинақтар бар. Ақынның көптеген өлеңдері орыс, неміс, ағылшын, француз, фин, литва, қырғыз, татар тағы басқа көптеген тілдерге аударылған. 

- Өлеңдері қазақтың ұлттық қазынасына айналған Қадыр Мырза Әлі балаларға арналған әдебиет пен шығармашылықтың дамуына зор үлес қосты. Мен мұндай адамдардың ешуақытта ұмытылмай, есімдері әрдайым есте болатынына сенімдімін. Ол қазақ тілінде жазса да, оның шығармашылығымен көптеген елдерде таныс, өйткені оның жыр жинақтары орыс, неміс, литва, эстон, қырғыз, татар және басқа тілдерге аударылған. Ол 50 - ге жуық поэтикалық жинақ пен 200-ге жуық өлең жазды, әсіресе балалар шығармашылығын дамытуда үлкен жұмыс атқарды, - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Шарада ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Кәкімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Дастан Есентеміров пен Ернар Өмірәлі бастаған таланттар өнер көрсетті.

  • 23.05.2023
  • 192
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика