- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика министрі Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына қатысты
Әлібек Қуантыров форумның панельдік сессиясы барысында бизнесті қолдау шаралары, салық саясаты және «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндады.
Атап айтқанда, ол қолданыстағы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде Е-монополист электрондық базасы арқылы барлық инвестициялық бағдарламаларға мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оған жылу, энергия желілері, сумен жабдықтау және су бұруға жауапты табиғи монополиялар субъектілері кіреді.
Электрмен жабдықтау тарифі былайша қалыптастырылады:
61% - энергия өндіруші ұйымдар (ЖЭС-тер)
35% - энергия беруші ұйымдар
4% - энергиямен жабдықтайтын компаниялар
Министрдің айтуынша, тарифтер халыққа қолайлы болу керек. Әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы зерттеліп, қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.
«Желілердің тозуына байланысты осы шараға баруымыз керек. Бұл ретте, егер жарыққа арналған тариф туралы айтсақ, негізгі жүктеме 70% бюджеттік ұйымдарға түседі. Олар кВт/сағатына орта есеппен 45-тен 65 теңгеге дейін төлейді. Бизнес 25-30 теңге төлейді. Мемлекет пен бизнеске жүктемені бөлу есебінен халық 11-15 теңге төлейді. Біз бұл саралауды біртіндеп азайтамыз», - деді Ә.Қуантыров.
Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы бизнес үшін инвестициялық шығындарды, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдық сатып алу кезінде 20%-ға дейін құнын өтеу туралы сұраққа жауап берді. Бұл норма 2022 жылғы желтоқсанда Кәсіпкерлік кодекстен алынып тасталды.
«Кәсіпкерлік кодексте Салық кодексінің тиісті нормасына сілтеме жасалған. Сондықтан оны Кәсіпкерлік Кодекске қайтарудың мағынасы жоқ. Шағын және орта бизнеске арналған инвестициялар шегіне келсек, егер осындай жобалар пайда болып, оларға өтемақы беру қажет болып жатса, онда оны екі есеге немесе одан да көп төмендетуді қарастыруға болады деп ойлаймын», - деді Ә.Қуантыров.
Сонымен қатар, министр жабдықты импорттау кезінде ҚҚС-ты (қосылған құн салығы) есепке алу әдісімен төлеуге жеке тоқталып, норма 2025 жылға дейін ұзартылғанын еске салды.
«Өкінішке орай, біз әзірге бұл норманың нәтижесін көріп отырған жоқпыз және кәсіпкерлер бұл норманы импорттық шығындардың төмендеуі ретінде қабылдайды. Өз кезегінде, бізге ішкі өндірісті дамыту қажет. Егер біз машина жасау туралы айтатын болсақ, онда біз елде өндірілмейтін жабдықтар мен компоненттерді жасауға баса назар аударуымыз керек», - деді ол.
- 23.05.2023
- 144