- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ХВҚ пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады
Қайырлы күн, құрметті блог қонақтары!
Үкімет 2020 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды.
Есепті кезеңде экономиканы қолдау шаралары белсенді қабылданды. Жұмыс орындарын сақтау және құру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Несиелер бойынша кейінге қалдырулар берілді. Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру құралдары айтарлықтай кеңейтілді. Кредиттерді жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру ұсынылады.
Сондай-ақ, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде салалық қолдау шаралары іске асырылуда.
Қараша айында Халықаралық Валюта Қорының миссиясы пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады және тұрақты өсуді қамтамасыз ету бастамаларын қолдайды.
- 10.12.2020
- 262