• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысындағы автожолдарға қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы – қатаң бақылауда

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе өңіріндегі автожолдарға қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды. 
 
Оған мемлекеттік органдар және мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.
 
Өңір басшысы жиында биыл жергілікті маңызға ие 848 шақырым автожол мен республикалық маңызы бар 190 шақырым жолдың құрылысын, реконструкциясын және жөндеуін сапалы жүргізу міндеті қойылғанын атап өтті.
 

💬

 «Біздің облыста жолдардың сапасын жақсарту – өзекті мәселе. Барлық жобалар сапалы іске асырылып, белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс, жыл соңына қарай біз нақты нәтиже көрсетуіміз керек. Жұмыс көлемін ескере отырып, алдымызда күрделі міндеттер тұр. Осыған байланысты туындайтын барлық мәселелерді уақытылы шешу қажет», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 
 
Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдос Хамиев, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл баяндады.
 
Құрылыс материалдары, оның ішінде битумның қолда болуына ерекше назар аударылады.
 
Қазіргі уақытта облыс қоймаларында 16,3 мың тонна битум сақтаулы, мамыр-маусым айларында тағы 10 мың тоннадан астам өнім жеткізілмек.
 
Облыс әкімі жұмыс барысын, барлық нысандар бойынша құрылыс материалдарының бар болуын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
 
Мердігерлік ұйымдардың кепілдік жұмыстары аясында кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ бірқатар ауыспалы жобаларды, әсіресе облыс аудандарында іске асыру мерзімдерін кешіктіруі – проблемалық мәселелердің қатарында.
 
Міндеттерін дұрыс орындамаған компанияларды жауапкершілікке тарту бойынша ең қатаң шаралар қолданылады.
 

💬

 «Олардың барлығын қысқа мерзімде уәкілетті органдар тексеруі тиіс. Егер компаниялардың өз міндеттемелерін орындамауына объективті себептер болмаса, қатаң шаралар қолданамыз. Барлық проблемалық нысандар бойынша орындалуы тиіс жеке іс-шаралар жоспарын жасаңыз», - деп облыс әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырма берді. 
 
Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы автожолдарды сапалы салу және жөндеуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов жақын арада облыстағы битум сақтайтын қоймалар мен асфальт зауыттарын, олардың жүктемесі мен шығарылатын өнімнің сапасын тексеру қажеттігін алға тартты.

  • 26.05.2023
  • 190
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика