- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2023 жылғы 1-тоқсанда 5 568,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 767,3 млрд.теңгеге немесе 15,9% - ке артық. Кірістердің өсуі салық түсімдерінің оң динамикасына байланысты (+851,1 млрд.теңге немесе 17,8%). Бұл ретте трансферттер түсімдері 54,1 млрд. теңгеге немесе 1,1% - ке төмендеді.
Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылдың 1-тоқсанында ең үлкен өсім көрсетілді:
ҚҚС - ағымдағы жылдың алғашқы екі айында импорттың (номиналды мәнде) 7,1% төмендеуі кезінде ұлттық экономиканың 4,9% - ке өсуіне байланысты 333,2 млрд. теңгеге (33,6%) өсу;
КТС - 2023 жылдың 1-тоқсанында экономиканың жоғары нақты өсуі есебінен 203,2 млрд. теңгеге (18,4%) өсу.
- 26.05.2023
- 124