• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ермек Маржықпаев Зеренді ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуді өткізді

Зеренді ауданының тұрғындарымен жыл сайынғы есептік кездесуде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев атқарылған жұмыстар және жалпы ауданның даму перспективалары туралы айтып берді.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш орындалмады - ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялар тарту.

Облыс әкімі бұл көрсеткіштер жұмыстың негізгі екенін айтып, жағдайды жақсарту үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін атап өтті.

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жергілікті фермерлер де елеулі үлес қосуда. 1 - тоқсанның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 7 млрд. теңгені құрады.
500 – ге жуық ірі қара мал сатып алып, 3 ет және 2 сүт-тауар фермасын құру жоспарлануда.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы ауданда 76 шақырым жол жөнделді. Бәйтерек, Игілік, Қонысбай ауылдарындағы кентішілік жолдарға, Қызылсай – Қызылағаш, Жылымды, Ортақ, Садовое, Алексеевка, Зеренді, Красный Кордон, Мәлік Ғабдуллин жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сумен жабдықтау саласында 2025 жылға дейін 20 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін салу, 11 ауылда біріктірілген блок модульдерді орнату жоспарлануда. Алексеевка ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталды.

Электр энергиясын беру сапасын жақсарту үшін 16 км электр беру желілерін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Азат, Өзен, Ортағаш, Қарашілік, Қызылегіс, Игілік, Красный Кордон, Үлгілі, Алексеевка ауылдарында көше жарығы жөнделеді.

Әлеуметтік салада кадрларды тарту үшін Зеренді ауылында медицина қызметкерлері үшін 15 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді. Денсаулық сақтау нысандарын медициналық жабдықтармен жабдықтау артты. Бірлестік және Ершовка ауылдарында екі дәрігерлік амбулатория салуға жобалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат көзделген.

Ауданның үш мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Садовое, Васильковка, Бәйтерек, Мәлік Ғабдуллин ауылдарындағы мектептер үшін блоктық-модульдік қазандықтар сатып алынды.

Өткен жылы Зеренді аудандық ауруханасының бірнеше бөлімшелері ағымдағы жөндеумен қамтылды.

Қызылтан, Еленовка, Кеңөткел, Айдабол ауылдарының клубтарының ғимараттары жаңартылды.

Спорт саласында Айдабол кентінде шаңғы роликті трассасын салу жоспарлануда. Зеренді спорт мектебінің базасын салу бойынша жобаны әзірлеу аяқталуда.

Кездесуде өңір басшысына жолдарды жөндеу, медициналық кадрлар мен жабдықтардың, пай және жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі туралы сұрақтар қойылды.

«Зеренді ауданы ішкі туризмді дамыту үшін үлкен резервке ие. Зеренді аймағы  республикалық деңгейдегі үздік туристік аумақтар тізбесіне енгізілген. Сондықтан тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігінің басшылығы мен салалық мемлекеттік органдар туризм саласын дамыту үшін инвестиция тартып, инженерлік инфрақұрылым мен курорттық аймақты абаттандыру жобаларын іске асыруды жалғастыруы қажет", - деп түйіндеді облыс әкімі.

Іс-шарадан кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

  • 29.05.2023
  • 141
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика