- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ҚҰРЫҚ ЖАҒАЛАУ АЙМАҒЫНДА ЖАҢА БАЗА АШЫЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды. Жұмыс барысында Құрық ауылының жағалау аймағында «Абай» маневрлік базасында ескерткіш тақтаны табыстау және теңіз – әскери туды көтеру рәсіміне қатысты.
Аталған маневрлік орналасу пункті 800 тоннаға дейінгі жиынтық су ығыстырғыштығы бар, катерлерді және кемелерді арқандап байлауға, тұрақтандыруға және оларға қызмет көрсетуге, кемеге электр энергиясын өндіруге және беруге, тылдық қамтамасыз етуге және Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінің Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша кемелер және катерлердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған.
Аймақ басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған нысанмен құттықтап, оған ұлтымыздың ұлы ақыны Абайдың аты берілуі елге қуаныш, сарбаздарға айбын, ұрпаққа ұлағат боларын айтты.
«Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері әскери теңіз күштерінің әлеуеті артып, материaлдық-техникалық базасы да нығайып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарамағындағы жағалау күзеті соңғы жылдары бірнеше рет жаңа корабльдер мен катерлермен толыққанын білесіздер. Толқыны тулаған теңізде қуатты құрылымдармен қаруланған сарбаздарымыз әрқашан сауысқандай сақ, қырандай қырағы болсын!»-деді облыс әкімі.
Бұдан кейін өңір басшысы Бекет ата жер асты мешітіне баратын баспа жолды қайта құрылымдау жұмыстарымен танысты.
Баспа жолдың жалпы ұзындығы - 1,5 шақырым. Жолдарды қайта құрылымдау жұмыстарының негізгі мақсаты жаңарту және талапқа сәйкестендіру, киелі орынға зияраттаушыларға қолайлы жағдай жасау.
Жобада жер асты мешітіне баратын баспа жолдың кейбір жерлерін 1,6 – 2,0 метрге дейін кеңейту, баспа жолына декоративті тас төсемелерді салу, күн көзінен қуат алатын диодты жарық шамдарды орнату қарастырылады. Және зияраттаушылардың демалуына арналған, баспа жол бойында орнатылған демалыс орындарын (беседка) жаңартып, кейбір құлау қаупі бар жерлерге тірек тастар салу қарастырылған.
Сонымен қатар, облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Сенек ауылынан Шопан ата тарихи-мәдени кешеніне дейін су құбырын тарту бойынша жасалып жатқан жобамен танысты.
Жоспарға сәйкес су құбырының қосылу нүктесі Сенек ауылының маңындағы «Түйесу-Жаңаөзен» магистральды су құбырынан белгіленді. Жобалау барысында, су құбырын барынша қысқа қашықтықта жүргізу үшін және жер бедерінің тегістігі ескеріліп, 8 шаруа қожалығының және 1 заңды тұлға жері арқылы жүргізу қарастырылған. Жүргізілетін құбыр бойында орналасқан жер иелерінен келісімдер алынуда. Тартылатын құбырдың жалпы ұзындығы 24 шақырым болмақ.
- 11.12.2020
- 218