- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Елдің электр станцияларының техникалық аудиті аяқталды
2023 жылғы 30 мамырда ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында елдің электр станцияларының техникалық жай-күйі және оларды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін KPMG бастаған халықаралық сарапшылар тобы Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қазақстанның электр станцияларына ауқымды техникалық аудит жүргізу бойынша жұмыс бастаған болатын.
Барлығы 55 электр станциясы зерттелді. Жылу станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйіне және оны пайдалану шарттарына ерекше назар аударылды, - деп атап өтті энергетика вице-министрі.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық станциялар жабдықтың техникалық жай-күйіне, пайдалану мерзімдеріне, отынның үлестік шығынының көрсеткіштеріне, аварияға бейімділігіне, персоналмен қамтылуға және жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты санаттар бойынша бөлінді.
Дүниежүзілік Банктің энергетика жөніндегі аға маманы Sandeep Kohli-дің айтуынша, Қазақстанның энергетикалық секторы ауқымды ЖЭК аукциондары және «қызыл санатқа» жатқызылған электр станцияларын ауыстыру бойынша неғұрлым орнықты, сенімді, таза және заманауи энергетикалық жүйеге айналуы мүмкін.
Маусым айының соңына қарай техникалық қызмет көрсетуді одан әрі пайдалану және жүргізу жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шараларды көрсете отырып, әрбір станция бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары дайындалады.
Сондай-ақ брифинг барысында Жандос Нұрмағанбетов ҚР Энергетика министрлігі негізгі мақсаты генерациялау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы тозу деңгейін кемінде 15%-ға төмендету болып табылатын «Инвестиция орнына тариф» жаңартылған бағдарламасын іске асыруға кіріскенін хабарлады.
Оның айтуынша, жаңартылған бағдарламаның маңызды бөлігі кәсіпорындар тарапынан қолданыстағы қолдау тетіктері мен кері міндеттемелерді күшейту болып табылады.
Мәселен, бүгінгі күні Министрлік берілген өтінімдерге сәйкес 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі үшін электр энергиясына шекті тарифтерді түзеткен, олардың тарифтерінің орташа өсуі шамамен 24%-ды құрайды.
Сонымен қатар инвестицияларды қайтару лимитін 428 млрд.теңгеге дейін ұлғайту бойынша заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, бұл жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту мен кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Техникалық аудит қорытындылары мен әзірленген іс-шаралар жоспарын ескере отырып, тозудың ең жоғары деңгейі бар станцияларға басымдық берілетін болады.
Сондай-ақ электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шекті тарифті айына 590 мың теңгеден 1,5 млн.теңгеден асатын деңгейге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл шара жобаларды (оның ішінде түтін құбырлары мен күл үйінділерін) іске асыру кезеңінде қаражат ағынын қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде, энергия кәсіпорындары үшін өз активтерін дамытуға тарифтерден алынатын қаражаттан басқа, өз қаражатының бір бөлігін салу бойынша қарсы міндеттемелер енгізілетін болады.
Ұсынылған шараларды толыққанды іске асыру үшін уәкілетті органның бақылау функцияларын «Инвестиция орнына тариф» саясаты шеңберінде алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына қайтару, сондай-ақ салынған инвестициялар шеңберінде қол жеткізу қажет көрсеткіштерді белгілеу қажет, - деп атап өтті ҚР энергетика вице-министрі.
- 30.05.2023
- 125