• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров Сенатта өткен Үкімет сағатында инвестициялық саясатты жетілдіру шаралары туралы баяндады

Халықаралық сарапшылар әлемдік инвестициялық қызметтің өзгеруінің мынадай негізгі үрдістерін айқындайды:

Бірінші. Әлемдік тікелей шетелдік инвестицияларағындарының 24%-ға төмендеуі.

Оның негізгі факторлары – геосаясат және жалпы әлемдегі экономикалық, қаржылық жағдайлар.

Осылайша, графикте барлық негізгі экономикаларда құлдырау байқалады.

Екінші. Инвестициялардың жаһандық нарығының бөлшектенуі.

Елдердің бүгінде географиялық жақындыққа қарағанда геосаяси жақындығы инвестициялау туралы шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады. Бұл геосаяси жағдайларға байланысты және достас емес елдерден достас елдерге капиталдың көшірілуінеәкеледі.

Бұл ретте, мұндай жағдайда дамушы елдер (рецепиенттер)экономикасы дамыған елдерге қарағанда осал.

Үшінші. Экономиканың даму деңгейіне байланысты инвестициялық саясаттың көпбағыттылығы.

Дамыған елдер қабылдаған 113 шара осы елдердің экономикаларына шетелдік инвестицияларды да, өз елдерінен үшінші елдерге инвестицияларды да шектейді. Бұл көбінесе санкциялық және санкцияға қарсы шараларға байланысты.

Дамушы елдермен кері жағдай – олар қабылдаған шаралардың жалпы санының 95%-ы инвестициялар ағынын ынталандырады.

Төртінші. Инвестициялардың салалық құрылымы өзгерді, атап айтқанда, мұнай-газ саласына инвестициялар өсті.

2020-2021 жылдары олар 7 еседен астам қысқарды.

2022 жылы геосаяси жағдайларға байланысты, елдер осы бағыттағы инвестицияларды ұлғайта бастады. Осылайша, оларды іс жүзінде 2019 жылғы деңгейге дейін жеткізді.

Күрделі сыртқы жағдайларға қарамастан, 2022 жылы Қазақстан экономиканың нақты өсуі 3,2% құрады.

Елге бұрын-соңды болмаған, 18%-ға өсе отырып, елге 28 млрд. АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестициялары тартылды. Бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері рекордтық деңгейде.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 8%-ға өсті.

Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, 134 млрд долларды құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліксубъектілерінің саны 27%-ға өсіп, 1,8 млн-нан асты.

Осы салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға артып, 3,9 млн адамға жетті.

Нәтижесінде, экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 33,5%-дан 36%-ға дейін өсті.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейіндегі тәуелсіз рейтингісін растады. Ең соңғы расталған суверенді рейтинг тұрақты болжамымен Fitch агенттікпен өткен аптаның соңында болды.

Үкіметке инвестиция тарту бойынша өршіл міндеттер қойылды.

Ағымдағы жылы жоспар бойынша негізгі капиталға 18,3 трлн.теңге инвестицияланады. Бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық.

ШОБ-ты жүйелі қолдау шаралары кеңейтілді.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қолдау көрсету үшін қызмет түрлерінің тізбесі 116-ға ұлғайтылды.

Қызметтің бірқатар басым түрлері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.

Бизнестің жол картасын қаржыландыру 224 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

ШОБ-ты қолдау шеңберінде биыл 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау және 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру көзделуде.

Орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданады.

Өткен жылдың шілдесінде Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Ол жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және жаңа трендтерді, соның ішінде ESG стандарттарын ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға бағытталған.

Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама шеңберінде Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларының кең секторы жұмыс істейді.

Инвестициялық преференциялар ретінде келісімшарттар мен арнайы инвестициялық келісімшарттар шеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатуды, заттай гранттарды алады.

АЭА тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Жер кодексіне барлық инвестициялық міндеттемелерді орындағаннан кейін АЭА қатысушылары үшін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін көздейтін өзгертулер енгізілді. Басым жобалар СЭЗрежимінде жеңілдіктер алатын, ал басымдықтан тыс жобаларды іске асыруды жоспарлаған қалғандары тек инфрақұрылымды алатын комбинирленген режимді аумақтар анықталды.

Жеңілдіктерді ұсынуда «инвестициялар көп болса, жеңілдіктер де көп» қағидаты бойынша дифференциацияланған әдіс енгізілді.

1. Ірі инвесторларды тарту үшін Кәсіпкерлік кодексте жекелей шарттарда қолданыстағы кез келген қолдауды ұсына отырып,Инвестициялар туралы келісімдерге қол қою мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте инвесторлар үшін қарсы міндеттемелер қарастырылған.

Инвестициялар туралы келісім жасасу процесін оңайлату үшін Басым қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастыру алынып тасталды.

2. Сондай-ақ, тауар өндіруші кәсіпорындарға салық заңнамасының 10 жылға тұрақтылығына кепілдік берілетін инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізілді.

Инвестицияларға салынатын салық заңнамасының тұрақтылығы кәсіпорындарға ұзақ мерзімді кезеңге қаржы ағындарын жоспарлауға мүмкіндік береді, инвестициялардың қайтарымдылығын болжауды қамтамасыз етеді.

3. Қазақстанның мұнай-газ саласының минералдық-шикізат базасын толықтыруға және геологиялық барлауға инвестициялар тарту мақсатында 2023 жылдан бастап Жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді.

4. Ағымдағы жылдан бастап Министрлік инвестициялар тарту бойынша әкімдер мен министрлердің рейтингісін енгізуде.

2023 жылы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша одан әрі жұмыстар келесідей жүргізілуде.

1. Нақты инвестициялық дауларды қараудың жеделдігін арттыру және Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотын босату үшін осы сотта тек мемлекеттік органмен инвестициялық келісім жасасқан заңды тұлғалардыңсоттылығын қарастыру ұсынылады.

Бұл ретте, шетелдік заңды тұлғалармен қалған дауларды қарау немесе шетелдік заңды тұлғалардың 50%-дан астам қатысуы бар дауларды тіркелген жері бойынша әкімшілік соттың қарауына берсін.

2. Мемлекеттік органдар тарапына қабылдаған міндеттемелерді орындамау бойынша инвесторлардың шағымдарын азайту және инвесторлардың проблемаларына жеделжауап қайтару үшін Инвестициялық омбудсменнің Орынбасарын тағайындау арқылы Инвестициялық Омбудсмен институты күшейтіледі.

Сондай-ақ, оның төрағалығымен құқық қорғау органдарының қатысуымен мемлекеттік органдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне инвесторлардың шағымдарын қарау үшін тұрақты жұмыс тобын құрылуда.

Инвестордың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Әділет министрлігі инвесторларға қатысты қылмыстық істер қозғау үшін негізсіз себептерді болдырмау бөлігінде қылмыстық-процестік кодекске қажетті түзетулер енгізу мәселесін пысықтауда.

3. Макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайында экономиканың нақты секторына кредит беруді қолдау үшін Қаржы реттеу агенттігі пруденциалдық сипаттағы ынталандыру шараларын қабылдады. Бұл банктердің бос провизияларын босатуға мүмкіндік береді.

4. Бизнеске артық талаптарды анықтау бойынша масштабты тексеру қорытындысы бойынша ағымдағы жылы заңнамада 10мыңнан астам артық талаптар алынып тасталады.

Осы жылдың соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру толығымен аяқталады және 1 қаңтардан бастап бизнесті тексеруге мараторий біткеннен соң жұмыс істейді.

5. Инвестициялық преференциялар беру процесі кешенді жақсару үшін мемлекеттік органдардың инвестициялық преференциялар алуға арналған өтініштерді қарау мерзімі және қажетті инвестициялардың шекті көлемі қысқартылатын болады.

Бұдан бөлек, осы процесті толық цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Техникалық шарттарды алудың қиындығы, жер учаскелері заттай грант ретінде, сондай-ақ инфрақұрылымды уақтылы жүргізбеу бүгінгі таңда инвесторлардың ең өзекті мәселесі болып табылады.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың инфрақұрылымды жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүйелеу үшін энергияны тұтыну әлеуетін, сондай-ақ коммуникацияларды қосу кезеңділігін ескеретін инфрақұрылымды жүргізудің бірыңғай регламенті қабылданатын болады.

Инвестициялық келісімшартты жасасу үрдісін жеңілдету үшін жер учаскесін бағалауды жергілікті атқарушы органның жүргізуі бойынша мәселе пысықталуда.

6. Жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс белсенді кезеңде.

Салық саясатының ашықтығы мен әділдігіне басты назар аударылады.

Салықтық бақылауды толық цифрландырумен салықтық әкімшілендіру қайта қаралатын болады.

7. Кіші және орта бизнеске қолдау көрсету үшін ағымдағы жылы Кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай кешенді жоспар қабылданатын болады.

Бұл шаралар болашақта елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді деп санаймыз.

  • 30.05.2023
  • 174
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика