• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында 2-оқылымда мақұлданды

Бүгін 31 мамырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары мақұлданды.

Аталған актілер Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.

Жалпы, Заң жобасы - бұл барлық мүдделі тараптар, соның ішінде беделді сарапшы-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері кірген Жұмыс тобының барлық мүшелерінің ұжымдық еңбегі деп білеміз.

Заң жобасының негізгі мақсаты қоғамдық бақылауды жүзеге асыру арқылы азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасы қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелері мен принциптерін белгілейді.

Заң жобасында қоғамдық бақылаудың бірқатар маңызды қағидаттары бекітіледі, олардың ішінде қоғамдық бақылаудың заңдылығы, жариялылығы, ашықтығы, қоғамдық бақылау субъектілерінің қатысу еріктілігі мен тәуелсіздігі.

Заң жобаларын әзірлеу барысында қоғам белсенділерінің ұстанымдары толығымен ескерілді.

Мәселен, қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдардың тобы айқындалды.​

Жұртшылықтың ұсыныстары бойынша қоғамдық бақылау объектілерінің тізбесі едәуір кеңейтілді. Мысалы, мемлекеттік білім беру ұйымдарымен қатар дербес білім беру ұйымдары да қоғамдық бақылауға алынатын болады.

Бұдан басқа, мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары курсанттарының отбасы мүшелері олардың тұру, оқу және тұрмыстық жағдайларымен танысу үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алады.

Заң жобасында сондай-ақ азаматтардың мұқтаждарына мемлекеттің ден қоюының ашықтығы мен жеделдігін арттыру, сондай-ақ азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысуы мақсатында әзірленген петициялар институтын енгізу жөніндегі нормалар қамтылған.

Бұл түзетулер мемлекеттік институттар қызметінің тиімділігіне қоғамдық бақылау институтының рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан әрі заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралатын болады.

  • 31.05.2023
  • 223
Г.Б. Сұлтанова

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

Г.Б. Сұлтанова
(Мұрағат)

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика