- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ҚР Энергетика министрі мен Оңтүстік Корея СІМ басшысы Энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Пак Чжон Астанада Оңтүстік Кореяның ресми делегациясының Қазақстанға сапары кезінде кездесті.
Кездесуде Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы мен Оңтүстік Кореяның сыртқы саяси ведомствосының басшысы энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстанда АЭС салу үшін шетелдік компаниялар ұсынатын реакторлық технологияларды егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп вендорлармен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде.
2022 жылы қазақстандық делегация Оңтүстік Кореяға сапармен барды, онда атом саласы компанияларымен кездесулер өткізілді. Ядролық технологиялар жеткізушісі - Korea Hydro & Nuclear Power Co Ltd. (KHNP) компаниясымен сапар қорытындысы бойынша Атом энергетикасын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2022 жылдың қыркүйегінде Астанада ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен Корея тарапы қазақстандық сарапшыларға реакторлардың технологиялық ерекшеліктерін және БАӘ мен Оңтүстік Кореяда АЭС салу жобаларын іске асыру тәжірибесін егжей-тегжейлі түсінуге мүмкіндік беретін семинар өткізді.
Сондай-ақ, министрлердің кездесуі барысында Оңтүстік Корея СІМ басшысы қол қойылған меморандумға сәйкес Оңтүстік Корея университеттерінде Қазақстанның атом саласы үшін кадрлар даярлау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Алмасадам Сәтқалиев корей компанияларын «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылатын Қазақстанның электр энергетикасындағы бірқатар жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды. Бағдарлама энергия кәсіпорындарының қарсы міндеттемелерінің орнына генерация секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін саланы мемлекеттік қолдау шараларын көздейді.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту, ұлттық маңызы бар жаңа электр станциясын салу, ел өңірлерінің орталықтарында жаңа ЖЭО салу бойынша жобалар іске асырылуда», - деді келіссөздер барысында Қазақстанның энергетикалық ведомствосының басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
ҚР Энергетика министрлігі сондай-ақ ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты 2028 жылы пайдалануға берілетін электр беру желілерін салуды көздейтін Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесіне қосу бойынша жұмыс жүргізуде.
2023 жылы Қазақстанның Энергетика министрлігі жалпы қуаты 860 МВт жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты жоспарлады. 2024-2027 жылдарға жалпы қуаты 5,86 ГВт аукциондық сауда-саттық жоспарлануда.
Қазақстанның Энергетика министрлігінің басшысы кореялық компанияларды қызығушылық танытқан жағдайда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іске асыруға қатысуға шақырды.
Оңтүстік Корея 2022 жылы $1,5 млрд. құраған Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі бойынша 6-орынға ие болды.
- 02.06.2023
- 165