• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Маңғыстаудағы ауылдық жерлердің даму барысымен танысты

Ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету, көп бейінді аудандық ауруханалар салу бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асырылу барысы - өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған депутаттық топпен бірге өткізген кеңесінің басты тақырыбы болды. Сенаторлар ауылдық жерлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов жергілікті атқарушы органдар тарапынан Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бағындағы жұмыстарға тоқталды.
Әкім орынбасарының айтуынша 2022 жылы Маңғыстау облысына  16 ауылда 30 жобаны іске асыруға 8,6 млрд. теңге бөлінген, оның 85% ғана игерілген. Оның ішінде 9 жоба аяқталған, 21 жобаның іске асыру мерзімі 2023 жылға жоспарланған. Облыстағы ауылдық елді-мекендерде барлығы 40 мәдени демалыс кешені және 54 кітапхана бар. Мәдени ұйымдардың 29-і орталықтандырылған жылу жүйесіне, 65-і автономды жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 13 жылу қазандықтарының ескеруіне байланысты жаңартуды қажет етеді. Жылу қазандықтарын жаңарту бойынша 30 млн. теңгеге жуық қаражат жергілікті бюджеттен қарастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Облыстың барлық елді мекендері 99,8% газбен қамтылған. Қазіргі таңда Маңғыстау ауданының  Тиген және Тасмұрын елді мекендерін газдандырудың жобасы жасақталды.
Денсаулық сақтау саласында еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Аталған ұлттық жобасы аясында өңірімізде алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету объектілерін салу және көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды ұйымдастыру міндеттері іске асырылуда.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан өңірді түлетудің өрісті тетіктерін табуда ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты.

-Бүгінгі күні алдымызда үлкен жауапты міндет тұр, ол – ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сол арқылы оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету. Осы бағыттағы өңірде жүзеге асырылып жатқан, оның ішінде ауылдық елді мекендерді сумен, су бұрумен, жылумен және газбен қамту бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылы 6 ауылда кешенді блок-модуль орнатылып, 6 ауылда орталықтандырылған су құбыры өткізілді. 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылып, бірқатар әлеуметтік  және инженерлік инфрақұрылымдық мәселелер шешімін тапты, - деді облыс Әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, шарада ауылшаруашылығы мәселелері, ауылдық елдімекендерге интернет желілерін тарту және үшауысымды мектеп мәселесі сөз болды. Жинынға қатысушылар осы салаларға байланысты сұрақтарын қойды.

-Маңғыстау облысы тұрғындарының 60 пайызға жуығы ауылдық елдімекендерде шоғырланған. Сол себепті ауылдың әл-ауқатын көтеру өте маңызды. Біз облыстық ауылшаруашылығы басшыларын, ауыл әкімдерін тыңдадық, айтылған өтініштермен мен инфрақұрлымды дамыту мәселелерін, көтерілген сұрақтардың барлығын алдағы уақытта ауылшаруашылығы министріне ұсынатын боламыз, - деп қорытындылады Әли Бектаев.

  • 02.06.2023
  • 201
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика