- Блогтар
- Сақтағанов Н.А.
ҚАДІРМЕНДІ ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен баршаңызды құттықтаймын! Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстанның ұлттық рухы мен тарихын айқындап, еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін айғақтайды. 1992 жылдың 4 маусымы біздің тарихымызда және халық жадында жаңа Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі сақталады. Халқымыздың бірлігі мен ұлы күшінің арқасында Қазақстан гүлдене беретініне сенім білдіргім келеді.
⠀Мерейлі мерекеде елімізге бейбітшілік пен келісім, әр жанұяға бақыт пен игілік тілеймін!
- 02.06.2023
- 294