- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылдың маусымына түзетілген құрғақшылық болжамы шығарылды
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде.
Сонымен қатар, солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта бірқалыпты құрғақшылық аймақтары күтіледі.
Бірқалыпты құрғақшылық күтіледі
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында,
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында,
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында,
сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.
- 06.06.2023
- 123