• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда егін шаруашылығы мәселелері талқыланды

6 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өңірдегі өсімдік шаруашылығындағы шаруа қожалықтарының жұмыстары мен егістік алқабтарының өнімділігі талқыланды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ. Тәшімовтың айтуынша, облыста өсімдік шаруашылығында 148 шаруа қожалығы бар. Олар басым бағытта көкөніс, бақша дақылдарын өсіреді.
Өсімдік шаруашылығы бағытында 2022 жылдың қорытындысы бойынша егістік алқабы жалпы облыс бойынша 1 081 гектарды құраған, бұл өткен жылға қарағанда 31,1%-ға жоғары. Ал алынған өнім 26,6 мың тоннаны құраған. 

2023 жылы нақтыланған егістік алқабы 1150 гектарға, оның ішінде 977 гектарға тамшылата суару технологиясымен өсірілуде. Одан 27 мың тонна өнім алу жоспарланған. 

Егіншілікпен айналысатын шаруаларды мемлекеттік қолдау мақсатында, 2023 жылға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 22,4 млн. теңге, минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға  21,2 млн. теңге бөлінген. 

-Өңірдегі ауыл шаруашылығы мәселесі өте маңызды. Бізде қазіргі таңда егін шаруашылығы кешеуілдеп қалған салалардың бірі. Егіншілік жерлердің жайын шаруалардан артық ешкім білмейді. Мен Маңғыстауда ештеңе өспейді дегенге сенбеймін. Біздің басқа өңірлерге қарағанда - су мәселесі бар. Бірақ осы мәселені шешу үшін қабылданып жатқан шаралар мен бөлініп жатқан субсидиялар бар. Егер бұл субсидия жетпейтін болса, біз жергілікті бюджет есебінен шаруаларға көмектесуге әрдайым дайынбыз.  Мемлекет басшысы «Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек» деген болатын. Шаруалардың көбі субсидия барын білмейді. Осыны қолға алу керек, - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев. 

Сонымен қатар, кеңесте Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев 2023 жылы Маңғыстауда туризм саласында 190,9 млрд. теңгеге 18 іс-шара іске асыру жоспарланғанын айтты. 

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев аппаратық кеңесте туризм – экономикамыздың басым бағыттарының бірі екенінін атап, өңірдегі туристік саланы дамытудың маңыздылығын еске салды.

  • 07.06.2023
  • 234
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика