- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒАЛЫМДАРЫ "БОЗЖЫРА" ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒАЛЫМДАРЫ "БОЗЖЫРА" ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесті. Жиынға экологтар, зоологтар, биологтар Нұр-сұлтан, Алматы және Маңғыстау облыстарының ғалымдары, және қоғам белсенділері шақырылды. Онда Маңғыстау облысының туризм кластерін дамыту, оның ішінде экологиялық мәселелері талқыланды. Қатысушылардың әр қайсысы алдын - ала зерттеген жұмыстарының нәтижесімен өз тұжырымдамаларын жасады.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлемдік тәжірибеге сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді дамыту жолындағы ең өткір мәселе туристерді қабылдау мен қызмет көрсетудің мамандандырылған орталықтарының болмауы жөнінде айтты.
"Маңғыстаудағы Туризмнің белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі жағажай туризмімен қатар экологиялық туризм болып табылады. Экологиялық туризмнің негізі адамды табиғи ортаға бағытталуы болып табылады. Бұл мақсат, саяхаттауға негізгі себеп болып табылады", - деді Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ, бұл кездесуге Мәдениет және спорт министрлігінің шақыртуымен Англияның қала құрылысы институтының мүшесі "Urban Living" ЖШС плэйсмэйкинг жөніндегі директоры Рикардо Марина қатысты. Ол Маңғыстау облысының сұлу табиғаты мен ерекше көркемдігіне қызығушылық танытып, бірегей мекенді өз көзімен көруге арнайы келген.
«Бозжыра - бұл жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, сонымен қатар басқа да шет елдердің туристері үшін жаңа, зерттелмеген табиғи нысан. Біз көрген мұндағы жолдар менеджменттің қалыптаспағанын көрсетіп тұр. Адамдар беталды бағытта қозғалады. Егер қонақ үйдің ресурстары шатқалды қорғауға, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, инвесторлар жобаны қоршаған ортаға деген қамқорлықты ескере отырып, оған зиян келтірместен жүзеге асырса және қалдықсыз механизм құрылса, онда бұл идея қолдауға тұрарлық», - деді сарапшы.
Ал, жергілікті экология саласының маманы Орынбасар Тоғжанов Маңғыстауда "жабайы" туризмнің дамуына алаңдаушылық білдірді. «Бозжыраға келушілер саны жыл сайын еселеп артуда. «Жабайы туризмді» тәртіпке салып, «экологиялық туризмге» айналдырмаса, ретсіз жылжыған автокөлік ағыны жанды және жансыз табиғаттың түбіне жететіні анық. Сонымен қатар бірқатар азаматтар ұсынғандай туристік қабылдау орнын 10-50 шақырым қашықтан салудың тиімсіз. Себебі алыстағы туристік қабылдау орнында тұрып, дала жолымен туристердің қандай көлікпен, қай жақтан келгенін, қалай жүргенін, не жасап жатқанын, т.б. әрекеттерін бақылау, реттеу мүмкін болмайды. Егер мұндай орын тым қашықта болса, Ақтаудан екі-үш сағатта жетіп баратын теп-тегіс жолда көпшілік оған тоқтамай-ақ, бірден Бозжыраға тартары сөзсіз», дейді О.Тоғжанов.
Бұл бағыт бойынша әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі туралы "Kazakh tourism" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев айтып берді. Оның айтуынша, жаппай туризмді осы кезеңде ұйымдастыру қажет, өйткені жыл басынан бері Маңғыстаудың көрікті жерлеріне жеке көлікпен 40 мыңнан астам турист келген.
Жиын соңында Қазақстанның жетекші экологтарының, туризм саласындағы сарапшылары Бозжыраның "азу тістеріне" көлікпен кіруге шектеу қоюға келіп тірелді. Себебі, осы көліктер аймақтың экологиясы мен келбетіне кері әсер етеді. Эколог Кирилл Осин де осы пікірді қолдап отыр. Ол Үстіртте гипс тәріздес борпылдақ топырақ болғандықтан ерекше күтімді қажет ететінін аймақ және онда өткен көліктердің ізі ондаған жылдар бойы сақталатынын айтады.
"Онда көлік қозғалысын бақылап, тұрақты дала жолдарынан шығуға тыйым салу қажет. Себебі, үстірт аймағында бүгінгі күні болып жатқан қозғалыстар, қонақ үй құрылысын салудан кем зиянын тигізіп жатқанжоқ. Бейберекетсіз жүрген темір тұлпарлар, көлік іздері, қоқыс, қатты музыка, тамақ дайындаудан қалған орындар, мұның бәрі бүгінгі көрініс. Туристер ағынын реттеу қорықтың аумағын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың негізгі аспектісі бола алады және болуы керек", - дейді К.Осин.
Ш.Есенов университетінің профессоры Ақмарал Серікбаева туризм саласын дамыту қажеттігін атап өтті, себебі бұл бағыт өңір экономикасына, оның ішінде өскелең ұрпақтың болашағына оң әсерін тигізеді. Оның айтуынша, өңірде көптеген мамандар дайындалуда. Егер жаңа туристік нысандар салынса, жүздеген түлектер өз мамандықтары бойынша дами алады.
«Маңғыстау облысында Туризм дамудың бастапқы сатысында тұр. Өңірде экологиялық туризмді дамыту экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуға ықпал ететін болады, бұл қазіргі уақытта маңызды. Ол үшін озық технологияларды пайдалану, жергілікті халықты жұмыспен қамту, Маңғыстау облысының жергілікті дәстүрін, әдет-ғұрыпын, ұлттық мәдениетті сақтау және пайдалану қажет», - деп толықтырды сөзін Ақмарал Серікбаева.
Сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевте көтерілген мәселеге қатысты өз ойын білдіріп, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.
«Бозжыра шатқалында экотуризмді дамыту туралы жиынға келіп, өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуға қызығушылық танытқандарыңызға алғыс білдіргім келеді. Біз үшін, әсіресе, жергілікті жұртшылықтың көзқарасы, ғылыми қауымдастықтың дәлел мен дәйекке негізделген тұжырымдамалары мен ұсыныстары өте маңызды. Қоршаған ортаны, қайталанбас табиғат нысандарын қорғап, сақтау, дамыту – ортақ міндетіміз... Экология министрлігі еліміздің флора мен фаунаға бай табиғи аумақтарында туризмді дамытқанда экожүйеге түсетін жүктемені азайту позициясын әрқашан бірінші орынға қояды. Әсіресе, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты Заңды, Ережелерді қатаң сақтауды қатаң талап етеді»,- деді министр.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар туризмді дамытудың маңыздылығы мен Бозжыра шатқалы орналасқан табиғи қаумалдың шекарасынан тыс жерге нысандарды салу бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды.
- 11.12.2020
- 298