• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ҰЭМ басшысы Астана халықаралық форумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Әлібек Қуантыров БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесті.

Министр БҰҰ делегациясына маңызды іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның БҰҰДБ-мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде ҚР үшін 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламаны іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз БҰҰ-ға мүшелікке кірген күннен бастап оның мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес БҰҰ Жарғысында көзделген міндеттемелерді мүлтіксіз орындап келеміз. Ұйым қызметіне үлес қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз», - деп атап өтті Ә.Қуантыров.

Өз кезегінде Ивана Живкович қазақстандық тарапқа жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін алғысын білдірді.

«Астана халықаралық форумына шақырғаныңыз үшін көп рақмет. Менің ойымша, бұл екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін өте тиімді алаң. Форум ТДМ-ға қол жеткізуге үлкен үлес қосады. БҰҰДБ ұзақ мерзімді серіктестігіміз үшін алғысын білдіреді», - деді И.Живкович ханым.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, оның ішінде моноқалаларды, инфрақұрылымды, білім беруді дамыту және өңірлік диспропорцияны қысқарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ басшысы Руанда Республикасының Қаржы және экономикалық жоспарлау министрі Уззиель Ндагиджиманамен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Ә.Қуантыровтың сөзінше, Қазақстан мен Руанда теңізге шыға алмайтын елдердің қатарында болғандықтан, сауда маршруттарын дамыту мәселесі өте маңызды. Екі ел бір-біріне Африка мен Орталық Азия елдерінің нарықтарына жол аша алады.

Өз кезегінде, У.Ндагиджимана мырза Руанданың сауданы, туризмді, креативті экономиканы дамытуға және тәжірибе алмасуға мүдделі екенін айтты.

Бұдан бөлек, Астана халықаралық форумы аясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Азия Даму Банкінің Президенті Масацугу Асакаваның кездесуі барысында Ұлттық экономика министрі - Қазақстаннан Азия Даму Банкінің басқарушысы Әлібек Қуантыров пен Қазақстандағы АДБ тұрақты өкілдігнің директоры Нариман Маннапбеков ҚР Үкіметі мен АДБ арасындағы Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша қосымша келісімге қол қойды. 

  • 12.06.2023
  • 200
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика