• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшылары Абай облысында қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Олардың әрқайсысы өз өмірін басқалар үшін құрбан етіп, еңбектеріне нағыз адал болған жандар. Біз бұл болған төтенше жағдайды жәй ғана сырттан бақылап отырмауымыз керек. Мен орман өрттерінен зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында бір күндік жалақыны аударуды ұсынамын. Сондай-ақ, біз осындай төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауымыз қажет», - деп атап өтті аймақ басшысы жиын барысында.

Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша өрт-құтқару бөлімшелерінің барлық күштері мен құралдарына қайта түгендеу жұмыстары жүргізіледі.

ТЖ департаментінің деректері бойынша облыста 97 бірлік қосалқы, 16 бірлік арнайы және 81 бірлік өрт сөндіру техникасы, 5 өрт сөндіру пойызы, 2 203 адамнан тұратын 320 ерікті өртке қарсы құрылым, 8 орман шаруашылығы бар.

Ерікті өрт сөндірушілер бейімделген техниканың 713 бірлігімен қамтамасыз етілген.

Өңірде 78 мыңнан астам тұрғыны бар 146 елді мекенді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ететін 41 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Бекеттердің базасында 25 бірлік өрт сөндіру және 16 бірлік бейімделген техника бар.

Өртке қарсы ерікті құрылымдардың жиналу, жедел шығу және өртті сөндіру дағдыларын пысықтап, басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасауын жетілдіру мақсатында үстіміздегі жылдың 10 маусымында Мәртөк, Хромтау және Қарғалы аудандарының бөлімшелерінің қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Ақтөбе облысының орман шаруашылығын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылуда, онда орман өрттерін болдырмау және оларды уақтылы сөндіру мақсатында өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын орналастыру үшін 7 орман өрт сөндіру станциясын салу көзделген.

  • 13.06.2023
  • 214
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика