• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Энергетика министрлігі Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрлігімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бин Салман бин Абдулазиз Аль Саудпен 2023 жылғы 12 маусымда Эр-Риядқа іссапары кезінде кездесті.

Екі елдің энергетикалық ведомстволарының басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Алмасадам Сәтқалиев кездесу барысында Энергетика министрлігінің 12 елдегі электр энергиясын өндіру және суды тұщыландыру жөніндегі 77 объектіні басқаратын «Acwa Power Company» Сауд компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы табысты ынтымақтастығын атап өтті.

2022 жылғы шілдеде Қазақстанның Энергетика министрлігі мен «Acwa Power Company» арасында электр энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2023 жылғы наурызда Қазақстанның Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қазақстандық ұлттық әл-ауқат қоры және «Acwa Power Company» арасында бірлескен жобаларды іске асыру қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес тараптар Жетісу облысында, Жоңғар қақпасы ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын бірлесіп әзірлейтін болады. ЖЭС құрылысын 2025 жылдың жазында бастау жоспарлануда.

 

Эр-Рияд қаласына іссапары барысында Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі министрлігі арасында Келісімге қол қойылды, оған мұнай және газ, электр энергетикасы, таза сутегі, ЖЭК, цифрлық трансформация, энергетикадағы инновациялар мен киберқауіпсіздік, энергетика саласындағы компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ энергетика саласындағы энергетикалық сектор мәселелері, энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың басқа да өзекті мәселелері кіреді.

Бұдан басқа Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы декарбонизация және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайту үшін Астана Халықаралық форумы шеңберінде келісілген «Acwa Power Company» компаниясымен Қазақстанда ЖЭС салу жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

 

Қазақстан энергетика министрлігінің басшысы Қазақстанның ОПЕК-пен сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастығын атап өтті.

ОПЕК+ келісіміне сәйкес Қазақстан мұнай нарығының тұрақтылығын қолдау үшін тәуліктік мұнай өндіруді шектеу бойынша өзіне алған міндеттемелерді жауапкершілікпен орындайды.

Сауд Арабиясының бірлескен министрлік мониторинг комитетіндегі төрағалығын жоғары бағалай отырып, Қазақстан комитеттің 2024 жылдың соңына дейін тәуліктік мұнай өндіруді шектеуді ұзарту туралы шешіміне қосылды. Бұл ретте республика Келісімде белгіленген деңгейден тәуліктік өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге өз еркімен азайтты.

Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық мұнай-газ саласының мамандарын жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін Сауд Арабиясының мұнай-газ жобаларының тартымдылығын атап өтті. Осыған байланысты Сәтқалиев Сауд Арабиясының әріптесіне қазақстандық компаниялар мен азаматтарды Корольдіктің мұнай-газ жобаларына тарту бойынша қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін жұмыс рұқсаттары бойынша арнайы квота бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен жүгінді.

Сәтқалиев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы саяси қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өте отырып, қазақстандық тараптың өзара іс-қимылды жалғастыруға және одан әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға дайын екендігін білдірді.

  • 13.06.2023
  • 180
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика