• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті

 7 маусым күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында «БерАли» мекемесінің экс-қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ басшысы Нұрдәулет Қилыбай және жұмыссыз қалған «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қатысты.

Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы билік пен «Қазмұнайгаз» компаниясы көтерілген мәселені оңтайлы шешуге ынталы екенін айтып, барлық түйіткілдерді келіссөз үстелінде шешуге шақырды.

Кездесуде жиналғандарға жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, «МөлдірМұнайСервис» ЖШС-не ұзақ мерзімге (3 жыл) жұмыс ұсынылды.

Өңір басшысы «БерАли» мекемесінің бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру «ҚазМұнайГаз» АҚ ережелері шеңберінде жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол тендерден ұтылған компанияның қызметкерлері конкурстық рәсімдердің жеңімпазы атанған компанияға жұмысқа орналастырылатынын жеткізді.

Мәселен, 2022 жылдың соңынан бастап осы уақытқа дейін күнделікті 192 шарт бойынша тендерлік рәсімдердің мәртебесіне талдау және мониторинг жүргізілген – бұл шамамен 15 мың адам. Талдау қорытындысы бойынша тендерден ұтылған мердігер компаниялардың қызметкерлері жұмыссыз қалмауы үшін уақтылы шаралар қабылдануда.

Бүгінгі күні тендердің нәтижелері бойынша жаңа мердігер компаниялармен 57-ге жуық шарт жасалған, олардың басым бөлігі - ұзақ мерзімді. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» өкілдігінің бастамасымен тендерлік құжаттамаға алдыңғы мердігерде жұмыс істеген қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы талап енгізілген. Осы талапқа сәйкес ұтылған компаниялардың 3 мыңнан астам қызметкері жеңімпаз компанияға жұмысқа орналастырылған.

Мұндай шаралар өз тиімділігін көрсетуде. Бұл ұтылған компаниялардың жұмыстан босатылған қызметкерлерін қайта жұмысқа орналастырудың тиімді құралы болып табылады.
Осыған байланысты «БерАли» мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне ұсынылған жұмысқа тұру және жұмысты оңтайлы жағдайда жалғастыру ұсынылды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері «БерАли» мекемесінің бұрынғы қызметкерлері ұсынылған жұмыс орнынан бас тартқан жағдайда, «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік жоспар бұзылмау үшін конкурстық рәсімдерде жеңген мекемеге кезекте тұрған жұмыссыз адамдарды алуға мәжбүр болатынын атап өтті.

- Сіздердің мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибеңізді ескере отырып, сіздерге «ҚазМұнайГаз» АҚ қолданыстағы ережелері аясында жұмысқа орналасу ұсынылады. Алайда, «Өзенмұнайгаз» АҚ-на тікелей жұмысқа орналасу туралы талапты қанағаттандыру мүмкін емес, себебі бұл қолданыстағы алгоритм шеңберінде жұмысқа орналасу кезегіндегі Жаңаөзен қаласының басқа тұрғындары үшін әділетсіз болмақ. Мен ақылмен шешім қабылдап, жұмысқа орналасу туралы ұсынысты қабылдауды ұсынамын, - деді Нұрлан Ноғаев.
- Жергілікті атқарушы органдар қолда бар жұмыс орындарын сақтай отыра, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ оларды тұрғындар арасында әділ бөлу жөніндегі жүйелі жұмысты тұрақты негізде жалғастыратын болады.

  • 14.06.2023
  • 152
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика