• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚТАУДА ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Жазушылар Одағының Маңғыстау облысындағы мүшелерінің қатысуымен «Тәуелсіздік. Әдебиет. Қоғам.» атты дөңгелек үстелін өткізді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет және оның орынбасарлары, Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері Мереке Құлкенов пен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов және  Маңғыстау облысындағы Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшелері қатысты.
Өткен жылы тұңғыш рет облыстағы Қазақстан  Жазушылар  одағы  мүшелерінің басын қосып, кездесу ұйымдастырылған. Сол жиында руханият саласында атқарылатын шаралар мен қоғамдағы мәселелер жөнінде кеңесіп тұруға шешім қабылданған болатын. Бұл шара биыл да  дәстүрлі түрде жалғасын тауып, ақын-жазушылар бас қосты.  Аймақ басшысы жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, қаламгерлердің ұсыныс-пікірінтыңдады. Серікбай Трұмов:«Біздің бүгін Әбіш Кекілбайұлы атындағы музейдің залында жүздесіп отырғанымыз да тегін емес деп ойлаймын. Былтыр ғана ашылған бұл орталықта мұндай ауқымды шара тұңғыш рет өткізіліп отыр.
Осы орталықтың жанынан Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жаңа ғимараты тұрғызылды. Қазіргі таңда заман талабына сай құрал-жабдықтармен жасақталуда. Келер жылы ашылу салтанатын өткізу жоспарда бар. Сонымен қатар, алдағы жылы осы орталық маңынан Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының да жаңа ғимараты салу жоспарымызда бар.
Бірі – ұлттық әдебиетіміздің әлемге олжа салған көрнекті өкілі, алаштың абызы, бірі – ауыз әдебиетіміздің әр тамшы жауһарын тірнектеп жүріп жинап, сом алтынға айналдырған жанкешті ғалым, бірі – қазақ киносы мен сахнасының әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызы – актер, режиссер. Бұл мәдени ордалардың бір жерде орналасуы жәй сәйкестік емес, табиғи заңдылық, рухани жарасым! Қаламыздың руханият салтанатын асқақтатып, мәдени сипатын айшықтап тұрған  бұл  орталық халықты біріктіретін, келелі жиындар өтетін киелі ордаға айналады деп сенемін.» деп өз тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, жиынға арнайы елген Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет ақын-жазушыларды біріктіріп отырған облыс әкіміне ризашылығын білдіріп,  Маңғыстаулық ақын-жазушылар - Айнахан Есетке, Әнуарбек Бимағамбетке,  Асылбек Жаңбырбайға «Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі» куәлігін табыстады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 12.12.2020
  • 330
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика