• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әйтеке би ауданы басшылығына әлеуметтік-экономикалық даму бойынша бірқатар міндеттер қойылды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Әйтеке би ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Т.Жүргенов ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында өткен кездесуде аудан әкімінің міндетін атқарушы Арман Алдабергеновтың атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есебі тыңдалды.
 

Үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларында ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Дегенмен өнеркәсіпте және көтерме саудада көрсеткіштердің төмендеуі байқалады.

Аудан халқының 94,4% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Биыл Белқопа, Ұлғайсын, Аққұм және Жарөткел ауылдарында су құбырларын салу жұмыстары аяқталады. Халықтың 68,2%-ы газбен қамтамасыз етілген.

Аудан аумағында іске асырылатын ірі жол жобаларының қатарында «Қарабұтақ–Комсомол–Северное–Сарат–Қырыққұдық–Тұмабұлақ» және «Қарабұтақ–Ырғыз–Ақкөл» аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу жоспарда бар.

Өз кезегінде тұрғындар өңір басшысына назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, Әйтеке би тұрғындары сұйытылған газдың жетіспеушілігі, Құмқұдық ауылын газдандыру және жол жөндеу жұмыстарының мерзімінен кешігуі бойынша шағымданды.

Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Оның ішінде Құмкұдық ауылын газдандыруды екі ай ішінде аяқтау жоспарланғаны белгілі болды. Аталған жобаны іске қосумен аудан халқының газбен қамтылуы 72,9%-ға жетеді.

Облыс әкімі барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынғанын және аудан басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойылғанын алға тартты.

«Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу деңгейінің төмендігі байқалады. Әйтеке би ауданы аталған жоба бойынша аудандар рейтингісінде соңғы орында тұр. Кездесу барысында аудан тұрғындары жоба, тауарлық несиелеу туралы үгіт-насихаттың аз болғанын, кейбірі естімегендерін растады.
 

💬

 

 «Мен «Ауыл аманаты» туралы естімедім» деген тұрғындарға сенемін. Қарапайым мысал - Қарабұтақта үш жарым мың адам тұрады, ал барлығы 10 ғана жоба ұсынылған. «Ауыл аманаты» - ауылдарды дамыту, ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін таптырмас мүмкіндік. Ауданда ресми түрде 500-ге жуық жұмыссыз тіркелген. Сіз бұл жобаға тұрғындарды тарта отырып, жұмыссыздық мәселесін шеше аласыз», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, жайылымдық жерлерді мақсатына қарай пайдаланбайтын жер пайдаланушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды: ауданның барлық ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының мал жаюы кезінде жайылымдарға қажеттілік байқалады.

Бұдан басқа, аудан аумағында ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша қылмыстың жекелеген түрлерінің, оның ішінде мал ұрлығы өскен. Осыған байланысты қылмыстың алдын алу бойынша іс-шараларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ералы Тоғжанов Әйтеке би ауданының экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған осы және басқа да көптеген тапсырмалардың орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін өңір басшысының жұмыс сапары Ырғыз ауданында жалғасын табады.

  • 14.06.2023
  • 199
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика