• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда ақын Анар Шамшадинованың шығармашылық кеші өтті

Ақтауда ақын Анар Шамшадинованың шығармашылық кеші өтті

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен ақын Анар Шамшадинованың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Тамара Асар, Jasart Жастар театрының өкілдері, өнер сүйер қауым, сондай-ақ, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. 

Әйгілі ақынның шығармашылық кеші оның өлеңдерін оқудан басталды. Одан әрі Анар Шамшадинова жазған алтыншы кітаптың тұсаукесерімен жалғасты. 

Анар Шамшадинова Маңғыстау ақындары мен жазушыларының кітапхана аясында жарық көрген «Жанар», «Өзіңсіз күндер», «Жоқсың сен», «Тамызда  қайтып  оралшы» сияқты өлеңдер жинағының авторы. Сонымен қатар, оның өлеңдері Әзірбайжан, орыс, испан, қырғыз және түрік тілдеріне аударылған. 

Анар Шамшадинова Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, “Ақпарат саласының үздігі” және “Халық алғысы”, төсбелгілерінің иегері. Сондай-ақ 7-шақырылымдағы Ақтау қалалық мәслихатының депутаты. 

Кеш соңында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Анар Шамшадинованың қазақ поэзиясының дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, оған шығармашылық табыс тіледі. 

- Өз шығармаларыңыздың арқасында сіз ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, рухымызды жаңғыртуға, қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосып келесіз. Сізді оқырмандарыңыз көптеген танымал әндердің авторы ретінде ғана емес, көрнекті қоғам қайраткері ретінде біледі, 
еңбегіңізді бағалайды және құрметтейді. 
Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ өмір тілеймін, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

  • 14.06.2023
  • 217
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика