• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік көрме-байқауы өтті

14 маусымда Ақтау қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті. Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Отандық өнімнің сапасын арттыру және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті тауармен толықтыруға бағытталған жыл сайын ұйымдастырылатын шараға облыстағы 60 кәсіпорын, Астархан облысы Думасының төрағасы Игорь Мартынов бастаған делегация, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен еліміздің Ұлытау, Абай, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қалаларының бір топ кәсіпкерлері, бизнес қолдаушылары қатысты. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев әр кәсіпкер ұсынған тауарлар көрмесін аралап, қолдауын білдірді. 

Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» үш номинациясы бойынша жүргізілді. Әр номинация бойынша үш-үштен, тоғыз жеңімпаз айқындалды. Жеңімпаздар арнайы жүлдемен марапатталды. 

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «КазАзот» АҚ, «Каскор- машзавод» ЖШС және «ОСС Қазақстан» ЖШС жеңімпаз атанды. 
Ал, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеке кәсіпкерлер Әсел Жекенова, Илес Жұмаханұлы, Алдаберген Тіленбаев жеңіске лайық деп танылды. Сонымен қатар, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Korkem Alem» ЖШС, «MAGA-BREAD» ЖШС үздік шықты.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау ел дамуы үшін маңызды міндет екенін, қазақстандық өнімді дамыту еліміздің экономикалық саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін айтқан болатын. Шағын бизнесті дамыту және нығайту мемлекеттің басты тапсырмаларының бірі. Қазір республикалық және жергілікті көлемде кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, өңірде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 28% өсіп, 87 мыңға жеткен. Ашылған кәсіпкерліктердегі жұмыспен қамтылғандардың саны 23% өсіп, 155 мың адамға жетіп отыр. Бүгінгі салтанатты шарада жеңімпаз атанған барлық кәсіпкерлерді құттықтаймын. Оларға республикалық байқауда сәттілік тілеймін, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Өңірлік байқаудың 9 жеңімпазы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына жолдама алды. Республикалық көрме-байқаудың қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП-ның сараптамалық тобы 27 финалисті анықтайды. Одан әрі жеңімпаздар онлайн дауыс берумен іріктеледі. Республикалық шара соңында дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады. «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау жыл соңында Астана қаласында ҚР Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өтеді. 

Айта кетейік, өңірде кәсіпкерлікті дамыту бойынша «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жалпы құны 35 млрд теңге болатын 912 жоба мақұлданып, 247 жұмыс орны сақталған және 424 қосымша жұмыс орны құрылған. 2023 жылдан бастап жұмыспен қамту аясында жас кәсіпкерлерге 2,5% несие беру басталған. Осы бағытқа республикалық бюджеттен 815 млн теңге қаражат бөлініп, 163 жас кәсіпкерге төмендетілген пайызбен несие беру жоспарланған. 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» пилоттық бағдарламасы аясында  республикалық бюджет есебінен 1,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Аталған бағдарлама аясында 237 жобаны қаржыландыру жоспарланған.

  • 14.06.2023
  • 224
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика